Архив событий

09/10/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

09/10/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында  семинар өткізілді. 

Семннарға кеңсе меңгерушісі, кеңсе бас мамандары мен жетекші мамандар қатысты.

Кеңсе меңгерушісі  Г.Ихсанова  «Төрелік» бағдарламасы арқылы жұмысты ұйымдастыру туралы түсінік берілді. Кеңсе меңгерушісі сот қызметкерлері істерді тиісті түрде рәсімдеп, қалыптастырып, мұрағатқа уақытында тапсыру үшін жауапты екенін айтып өтті.

Бітімгершілік келісім бекітілді

09/10/2017

Дара кәсіпкер Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Л» ЖШС-нен 3 968 662 теңге сомасында берешек өндіру туралы талап арызымен жүгінді, онда тараптар арасында 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №28 автокөлік құралдарын жалдау шарты жасалғандығы көрсетілген. Жауапкермен төлемге байланысты міндеттеме орындалмаған.

Хромтау аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

09/10/2017

Хромтау  аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс- шараға  аудандық сот төрағасы А.Балмұханов, судьялар Е.Жеткерген, С.Аликулов, медиатор Т.Уразбаев, адвокат К.Камбарова, прокурор А.Махмудов, Хромтау қаласының мектеп директорлары және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Хромтау аудандық сотында брифинг өтті

09/10/2017

Хромтау аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Іс-шараға соттың төрағасы  А.Балмұханов және жергілікті «Хромтау» газетінің  тілшісі  Л.Әбдірова қатысты.

Брифинг барысында  А.Балмұханов 2017 жылдың 9 айында сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.

Сот медиативтік келісімді бекітті

09/10/2017

Қобда аудандық сотымен   талап қоюшы Г.-ның жауапкер Г.-ға берген неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Г. жауапкер Г. екеуінің арасындағы некені бұзуды сұрап сотқа жүгінген.

Былапыт сөйлегені үшін қамаққа алынды

09/10/2017

Шалқар аудандық сотында  жолаушылар поезында алкогольдік мастану жағдайында былапыт сөйлеген азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды                                 

Іс материалдары бойынша К. 03.10.2017 ж. сағат 00.30 шамасында, қоғамдық орын, «Атырау-Алматы» бағытындағы №42-ші жолаушылар поезының 7-вагонында «Қайдауыл-Шалқар» станцалары аралығында алкогольдік мастану жағдайында былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Пікірлер мен ұсыныстар