Тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен іс өндірістен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық соты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149 бабының 2 бөлігімен айыпталған Ақтөбе облысында туылған, 51 жастағы азамат Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Істің мәні бойынша, Б. 2017 жылдың тамыз айының 29-нан 30-на қараған түні, сағат түнгі 01.30 шамасында, Қобда ауылы Тайманов көшесінің тұрғыны бұрынғы жолдасы Б.-ның үйіне сөйлесу үшін барған, сол жерде Б. пәтердің есігін және терезесін қолымен түрткен, бірақ оған үй ішінен ешкім дыбыс бермеген және есікті ашпаған. Сол кезде Б. тұрғын үйдің сыртқы есігінің ішінен бекітулі тұрғандығын анық көрінеу біле тұра, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу мақсатында, үйдің сыртқы терезесі форточкасындағы москит сеткасын күштеп жыртып ашып, аталған тұрғынжайға онда тұратын адамның еркінен тыс заңсыз басып кірген, сөйтіп ҚР ҚК-нің 149 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмыс жасаған.

Сот мәжілісінде жәбірленуші Б.  сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық істі татуласуына және  келтірген зиянды өтеуіне  байланысты медиация тәртібімен қысқарту жөнінде  өтініш білдірді.

Сот азамат Б.-ға қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК-нің  68 бабының 1 бөлігімен   медиация тәртібімен өндірістен қысқартты.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі