Түркия Республикасының азаматы жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Түркия Республикасының азаматы О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол 2013 жылғы 20 ақпанда көші-қон карточкасына «жеке» деп көрсетіп, Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Ақтөбе қаласы, Бөгенбай-батыр көшесіндегі үйге 2013 жылғы 20 ақпанда тіркелген. Алайда тіркелгеннен кейін тұрғын жайын Ақтөбе қаласы, 12 шағын ауданда орналасқан үйге  ішкі істер органдарына хабарламай ауыстырған, яғни тіркеу карточкасында көрсетілген мекен-жайда тұрмай, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлімінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан көрінген Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 45380 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі