Архив событий

11/10/2017

Құқық бұзушы үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

11/10/2017

Әйтеке би аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруазамат Н.-ге қатысты іс қаралды.

Сот отбасын бітімгершілікке келтіру арқылы сақтап қалды

11/10/2017

Әйтеке би аудандық сотында талапкер А. мен жауапкер Р. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар бітімгершілікке келіп, бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, ол бойынша талапкер А. және жауапкер Р. сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Хромтау аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

11/10/2017

Хромтау  аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс- шараға  аудандық сот төрағасы А.Балмұханов, судьялар Е.Жеткерген, С.Аликулов, медиатор Т.Уразбаев, адвокат К.Камбарова, прокурор А.Махмудов, Хромтау қаласының мектеп директорлары және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Көлік құралын бақсару құқығынан айырылды

11/10/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотталған К. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,  2017 жылы 15 тамыз айында 04 сағат 30 минут шамасында, Ақтөбе қаласында, Абылхайыр-хан даңғылы қарама-қарсы үйдің қасында полицейлермен К. басқаруындағы «Lexus Nx 200» маркалы автокөлігі тоқтатылған.  Көлікті  алкогольдік  ішкен мас күйінде жүргізген,  бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтамай, аталған көлік құралын басқарған.

Студенттермен кездесу

11/10/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлы заң колледжі «Құқықтану» мамандығының 1 және 2 курс қазақ бөлімінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Судья А.Б.Сабыров «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.