Архив событий

03/10/2017

Мектепте кездесу ұйымдастырылды

03/10/2017

Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің бастамасымен Шалқар қаласы №1 мектеп-гимназиясында мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында әкімшілік және қылмыстық заңнамаларды түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев қатысты.

Шалқар аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

03/10/2017

Жыл сайын 1 қазанда күздің ерекше мерекелерінің бірі «Халыққаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні» мерекесін атап өтеміз. Бұл күні жылы алғыс сөздерімізді ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен, республиканың дамуына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне елеулі үлес қосқан, төзімділік пен рухқа үйреткен әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге арнаймыз.

Бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

03/10/2017

Мәртөк аудандық соты пробация қызметінің сотталған К.-ға қатысты  бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.  

Іс материалдарына сәйкес, сотталған К.-ға Мәртөк аудандық сотының 24.05.2017 жылғы  үкімімен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы және жылына 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту  тағайындалған. Бірақ сотталған К. ешбір себепсіз тіркеуге бармай және мәжбүрлі еңбек етуге келмеген.

1 қазан – халықаралық қарттар күні

03/10/2017

1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне байланысты Ойыл аудандық сотының қызметкерлері мен зейнеткерлерді мейрамдарымен құттықтап барды.

Сот ұжымы атынан сот төрағасы С.З.Танимова және кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева  аудандық сотында қызмет еткен Нұрсұлтан Базаров және Жібек Төлегеновалардың отбасында болып қайтты.

Сот төрағасы С.З.Танимова қарт зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтап, денсаулық, ырыс-береке, отбастарына амандық, елімізге тыныштық тілеп, сот ұжымының атынан сыйлықтар табыс етті.