Архив событий

04/10/2017

Жүргізуші куәлігінен айырылды

04/10/2017

 Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Л. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Л. 29 қыркүйек  2017 жылы  23-00 сағатта Алға қаласында «Урал» (мотоцикл) маркалы автокөлігін мас күйінде жүргізіп, Б. көшесі №№16 және 18 үйлерінің арасында ұсталып, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылып, яғни  автокөлікті мас күйінде жүргізіп, қасақана құқық бұзушылық жасаған.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

04/10/2017

Алға аудандық сотымен талап қоюшы С.-ың жауапкер И.-ге неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы С. жауапкер И. аларындағы заңды некені бұзу туралы арызымен сотқа жүгініп, жауапкермен 1988 жылдан бастап заңды некеде тұрғандарын, осы некеден ортақ жасы кәмелетке толмаған екі баласы өзінің тәрбиесінде қалатындығын, өзара түсініспеушіліктерінің болмауы салдарынан өмірлері жараспағандықтарын, араларында мүлікке қатысты дауы жоқ екендігін көрсетіп, некені  бұзуды сұраған. 

Азаматтық іс бойынша сот бітімгершілік келісім бекітті

04/10/2017

«С» ЖШС-гі Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Т» ЖШС-гін 04.01.2017 жылғы және 02.05.2017 жылғы жеткізілім шарты бойынша өзара есеп айырылысу салыстыру актісіне қол қоюға міндеттеу, 10 119 565 теңге көлемінде қарыз, 505 978 теңге тұрақсыздық, 100 000 теңге өкілдік шығындар мен мемлекеттік баж сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптардан келесі шарттармен бітімгершілік келісімін бекіту туралы өтінішхат түсті:

Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жазаланды

04/10/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында азаматша В.-ға қатысты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 б. 1 б. (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Сот отырысының барысында азаматша В. ұлының оқуы және тәрбиеленуі туралы  міндеттерін орындамағаны анықталды, соның салдарынан кәмелетке толмаған баласы ешқандай себепсіз мектепке бармаған.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/10/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотымен аз. А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 б. 2 жасақталған әкімшілік ісі қаралды.  

Тарапттар сотта татуласты

04/10/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1-бөлігі тбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай, азамат П. өзінің үйінде 28.09.2017 жылы сағат шамамен 12:00-де, азаматтық некелес азаматша М.-ға былапыт сөйлеп, өзімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсеткен.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған

04/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы   2-бөлігімен (ҚР-ның халықтық көші көн саласындағы заңнамасын бұзуы, яғни шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзуы, көзделген мерзімде ішкі істер органдарынан тіркеуден өтпеуі, тіркеу  кезінде көрсетілген  мекенжайда тұрмауы)  ҚХР-ның  азаматы Л. қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

Халықаралық қарттар күні мейрамы

04/10/2017

1 қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күн» мейрамын атап өту қарсанында, Алға аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагері Ташева Раиса Сұлтанқызымен жолықты.

Ташева Раиса Сұлтанқызы сот жүйесінде отыз жылдан астам уақыт қызмет атқарған. Кездесудің мақсаты, аға буынымызға олардың жастарын есіне түсірмей, құрмет көрсетіп, алғыс тілектер білдіру болды. Осы орын алған оқиғаға қоса, Ташева Раиса Сұлтанқызының Алға аудандық сотының тарихында, осы сотта қызмет атқарып, осы соттан бірінші болып зейнетақыға шыққанын айта кеткен жөн.  

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыбында семинар өтті

04/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисі»  атты тақырыбында  семинар өтті.

Аталған іс-шараға  судья Ж.Кунаева, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АОФ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-нің, «Казахтелеком» АҚ-ның, «Транстелеком» АҚ-ның Ембі қаласындағы  филиалдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері және  сот мамандары қатысты.