Архив событий

19/10/2017

Ойыл аудандық Ш.Берсиев атындағы мұражайда "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" тақырыбында дөңгелек үстел кеңесі өтті

19/10/2017

Ойыл аудандық сотының бастамасымен  Ойыл аудандық Ш.Берсиев атындағы мұражайда "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" тақырыбында дөңгелек үстел кеңесі өтті.

Іс-шараға  кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева, кеңсе бас маманы С.Шаймакова,  Ойыл аудандағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Ойыл ауданының «Замандас» әйелдер клубының мүшелері, аудандық Ш.Берсиев атындағы мұражай қызметкерлері қатысты.

Ақтөбе қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

19/10/2017

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық соты төрағасының  м.а. Қ.Сембеков , Ақтөбе облысының «Мамандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қызметкелері мен Ақтөбе қалалық сотының сот приставтарының қатысуымен «Судьялар мен кеңсе мамандарының қауіпсіздігі мен сотқа келушілерді сот ғимаратына өткізу тәртібі туралы» тақырыпта семинар өткізілді

Сот бұйрығын қолдану туралы көшпелі дәріс өткізілді

19/10/2017

Ақтөбе қалалық сотының судьясы С.Б.Абызбаева «Трансэнерго» АҚ-ның ұжымына «Коммуналдық даулар бойынша талап арыздарды ұсыну барысындағы туындайтын кейбір мәселелерді талқылау» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында қатысушылар коммуналдық қызметтер тарапынан сотқа талап арызбен жүгіну барысында туындайтын кейбір мәселелерді, сонымен қатар, коммуналдық дауларды сот бұйрығы арқылы шешу мәселелерін талқылады.

Дәрістің соңында қатысушылар сот бұйрығын қолдану тиімділігі туралы өз пікірлерін білдірді.

Проведен «день открытых дверей»

19/10/2017

В Иргизском районном суде проведен очередной «день открытых дверей».

Целью мероприятия является профилактика совершения уголовных и административных правонарушений, повышение судебного авторитета, прозрачность и открытость судебной системы, а также, «День открытых дверей» проводится для оказания правовой помощи неселению, повышения их правовой культуры, повышения доверия граждан суду, с целью достижения правосудия.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

19/10/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А. «УАЗ 22069 332» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп ұрлық жасаған

19/10/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің «3» тармағымен (тұрғын, үй-жайда заңсыз кіріп ұрлық жасау  ) аз.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін жазаланды

19/10/2017

Ырғыз аудандық сотында М. қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алды

19/10/2017

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.