Архив событий

18/10/2017

«Жергілікті және басқа да соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында семинар өткізілді

18/10/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істеріжөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жергілікті және басқа да соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға төраға міндетін атқарушы К.М.Муратов және сот мамандары қатысты.

Қобда аудандық соты «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы тақырыпта көшпелі семинар сабағын өткізді

18/10/2017

Қобда  аудандық соты  «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы тақырыпта көшпелі семинар сабағын өткізді. Жұртшылыққа насихаттау мақсатында көшпелі семинар сабағында ҚР Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы айтылды.

Ашық есік күні

18/10/2017

Мәртөк аудандық соты 04.01.2017 жылғы сот төрағасының өкіміне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында, әр айдың екінші сәрсенбісі – «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Қобда аудандық соты бұйрық өндірісіндегі 20 арызды электронды форматта қарады

18/10/2017

Ағымдағы жылдың 17 шілде күнінен бастап Республика соттарында азаматтық  іс жүргізу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау  енгізілді.

Енгізілген жаналық арызды тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.

Әкімшілік қамаққа алынды

18/10/2017

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлімімен (Отбасы- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) құқық бұзушы Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін заңды тұлға жауапкершілікке тартылды

18/10/2017

Хромтау аудандық сотымен «К» акционерлік қауымдастығына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабы 3-бөлігімен қозғалған әкімшілік ісі қаралды.