«Жергілікті және басқа да соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істеріжөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жергілікті және басқа да соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға төраға міндетін атқарушы К.М.Муратов және сот мамандары қатысты.

К.М.Муратов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 06 маусымдағы №6001-16-7-4/122 өкімімен бекітілген жергілікті және басқа да соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар және әдістемелік ұсыныстарға 2017 жылғы 06 қазандағы №6001-17-7-4/240 өкімімен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, К.М.Муратов мониторинг жалпы мойындалған халықаралық стандарттарға сәйкес сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын одан әрі жақсарту, судьялар корпусының кәсіби деңгейін арттыру және азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сотта қорғалу тетігін жетілдіру мақсатында қолданылатынын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын одан әрі жақсарту мақсатында ұсыныстар енгізді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі