Архив событий

05/10/2017

Сот – маскүнемді қамауға алды

05/10/2017

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Қодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (Бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) Ж.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, Ж.К. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап 25.08.2017 ж. сағат 16.30-дар шамасында қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

2017 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ-МАСЛИХАТЫ

05/10/2017

Әйтеке би  аудандық сотында сот төрағасы А.Әбдіров  2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев қатысты.

Тараптар партисипативтік келісімге келді

05/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкерлер А. және Г.-ге қатысты бережақты өндіру туралы 2 азаматтық ісі қаралды.

Аталған талап арыз соттың іс жүргізуіне оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қабылданды.

Сотқа тараптардың қорғаушыларымен жасасқан дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш түскен.

Азаматтарды қабылдау өткізілді

05/10/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. А.М.Жүсіповтың қабылдауында уақытша әкімшінің іс-әрекетіне шағым жасау мен бұйрық арқылы іс жүргізудегі мемлекеттік баж сұрақтары бойынша 2 адам болды.

МЕҰ кездесу өткізілді

05/10/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе облысының жастар қоғамдық бірлестігі «Кенес»  қызметкерімен «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында кездесу өткізілді.

Осы іс- шараға судья А.Б.Сабыров сот кеңсе меңгерушісі Г.И. Акмолдина және Ақтөбе облысының жастар қоғамдық бірлестігі «Кенес» директоры А.И.Карханов қатысты.

Әдеп қағидаларын сақтау сұрақтары талқыланды

05/10/2017

Хромтау аудандық сотында төраға А.Балмұхановтың, судьялар Е.Жеткерген, С.Аликуловтың және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі әдеп қағидаттары мен мінез-құлық ережелері» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.                     

Өзбекстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

05/10/2017

Хромтау аудандық сотымен Өзбекстан Республикасының азаматы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Сотпен медиациялық келісім бекітілді

05/10/2017

Дара кәсіпкер Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС-нен  2 925 000 теңге берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді, онда №117 көлік құралын жалдау шарты бойынша міндеттеменің орындалмағандығын көрсеткен.