Архив событий

30/10/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

30/10/2017

Тұрғындардың сот қызметі жөнінде хабардар болуын, сот төрелігін жүзеге асырудың мәселелері бойынша азаматтармен диалогты жөнге келтіру, сот төрелігінің ашықтығын, айшықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Әкетай Мұратғали Абрарұлы  2017 жылдың 31 қазанда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін интернет-конференция өткізеді.

Қобда аудандық сотында «Үкімдерді, шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды орындауға беру» атты тақырыбында семинар өтті

30/10/2017

Қобда  аудандық сотында кеңсе менгерушісі А.К.Маденованың және сот мамандарының  қатысуымен  ««Үкімдерді, шешімдерді, ұйғарымдарды  және қаулыларды орындауға беру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Бас маман сот отырысының хатшысы  Г.Н.Абишева   соттың мамандарына заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқару парақтарын орындауға жіберу туралы айтты.

Сот актілері, апелляциялық шағым беру және өтінішхат келтіру мерзімі аяқталған соң, егер шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, орындауға беруге жатады.

Қобда аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

30/10/2017

Қобда    аудандық    сотында    кезекті    «Ашық есік күні»    өткізілді.

Аталған іс-шараның аясында Қобда  аудандық сотының төрағасы  А.Т.Анарбаевтың  ашық есік күніне аудан тұрғындары  неке және отбасылық заңнамасы, үй мәселесі бойынша және сот актілерінің орындауы жөнінде сұрақтарымен жүгінді.

Сот  төраға А.Т.Анарбаев   аудан тұрғындарын тыңдап,  қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сәйкес түсініктер беріп және қойылған сұрақтарына жауап берді.

Алға аудандық сотында «Мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар бойынша семинар өткізілді

30/10/2017

Алға аудандық сотында  «Соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Е.С.Мұратқанов, судьялар және мамандар қатысты.                                                            

Семинарда баяндама жасаған сот  төрағасы соттар жұмысының сапасын бағалауды өткізу бойынша құрастырылған стендке көрнекі түрде тоқталып өтті.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

30/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ә.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 19 қазанда 22 сағат 00 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесінің қиылысында, алкоголді мас күйінде «BMW 728» маркалы көлік құралын басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (көлік құралдарын басқару құқығ

Сот отырысына келмегені үшін жауапкершілік

30/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды,ол 2017 жылғы 18 қазанда, «бала асырап алу» азаматтық ісі бойынша сот процесіне  уақытын және орнын біле тұра белгісіз  себптермен келмеген, яғни осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде (сотты құрметтемеушілік, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көрiнген әрекеттер, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзг

Көлікті тоқтату талабын бұзғаны үшін айыппұл

30/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Я.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды,  яғни азамат Я. 2017 жылғы 08 қазанда, шамамен 17 сағат 25 минутта, ҚР Жол қозғалысы ережесінің 12.4.7  тармағының талабын бұзып, тоқтауға рұқсат берілмейтін жерде аялдаған, сөйтіп  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597 бабының 1-бөлімінде (көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған  және ол 15 883 теңге айыппұл түріндегі  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін 113 450 теңге айыппұл

30/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, ол 2017 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 11.5.1 , 2.1.1 тармағының талабын бұзып, көлік құралын басқару құқы жоқ тұлға бола тұра, «Lada 21705» автокөлігін басқарып келе жатып, төрт жолақты жолда, оның басқаруындағы көлік құралы жол жүру ережесімен тыйым салынған жолдың қарсы жүру жағына шығып озуды жасаған.

Көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарған

30/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат К. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 4-бөлімімен (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару)кінәлі деп танылып 45 380 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды,.