Архив событий

23/10/2017

Қобда аудандық сотында «Сот кабинеті» мобильдік қосымша бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

23/10/2017

«Сот кабинеті» қызметінің ақпараты мен имиджін қолдау мақсатында Қобда  аудандық соты «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кеңсе меңгерушісі Маденова А.К судьялар мен сот мамандары арасында «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасымен ұсынылған электронды қызметтерді кезең-кезеңмен түсіндіру жүргізілді.

«Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидасы және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидасы» тақырыбын дөңгелек үстел өтті

23/10/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидасы және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидасы туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға судья Ж.М.Сейтжапаров, Ақтөбе қорғаушылар алғасының қорғаушылары Ж.Т. Кульжанов, Э.С.Шакиева  қатысты.

Шара барысында судья Ж.М.Сейтжапаров  заңгерлік кеңестер бойынша адвокаттарға еңбек ақысын төлеу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланды.

Коммуналдық дауларды сотқа дейін реттеудің артықшылдығы туралы коммуналдық қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

23/10/2017

Мұғалжар аудандық соты  «Коммуналдық дауларды сотқа дейін реттеудің артықшылдығы туралы коммуналдық қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға аудандық  сотының судьялары А.Е.Мусина, Н.Е.Кендирбаева,  сонымен қатар, «Үміт», «Көнек»,  «Локоматив» тұтыну кооперативінің және КМҰ «Коммунальщик» коммуналдық қызметтің өкілдері  қатысты.

«Ахуалдық орталық жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбына семинар жүргізілді

23/10/2017

Мұғалжар аудандық сотының сот төрағасы С.З.Тасымбетов  «Ахуалдық орталық жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында судьялар және сот мамандарына семинар жүргізді.

Семинар  барысында сот төрағасы С.З.Тасымбетов семинарға қатысушылардың барлығын республиканың барлық  соттарынан келіп түскен сот қызметінің біріңғай мониторинг жүйесін онлайн режимінде ұсынатын және маңызды сот ақпаратының тәулік бойы жинау және талдауды жүргізетін ҚР Жоғарғы Сотының Ахуалдық Орталықтың негізгі жұмысымен таныстырды.

проведен семинар на тему: «Наказание за заведомо ложную информацию об акте терроризме»

23/10/2017

В казахсткой средней школе имени Ж.Жусибалиева проведен семинар на тему: «Наказание за заведомо ложную информацию об акте терроризме».

Целью семинара разъяснение ученикам о наказаниях за заведомо ложную информацию и к чему приводит данная ложная информация.

На семинаре приняли участие учителя и ученики школы.

«Мобильді Сот кабинеті» тақырыбында брифинг өтті

23/10/2017

Мұалжар аудандық сотында  «Мобильді Сот кабинеті» – тақырыбына аудандық «Мұғалжар» газетінің тілшісі А.Есқараның қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова озық  ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу, ақпараттық жүйелерді біріктіру сот төрелігінің мобильділігі мен ашықтығын айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өткізілді

23/10/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында кеңсе меңгерушісі Г.Ихсанова «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында кеңсе мамандары арасында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында бас маман Б.Нұрниязов Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екенін атап өтті.

Қобда аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

23/10/2017

2017 жылдың 23  қазан  күні   Қобда  аудандық  сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы А.Т.Анарбаев, кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова, сот мамандары, мемлекеттік мекемелермен және   ұйымдардың  өкілдері  қатысты.

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу

23/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Э» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, 2017 жылдың  21 қыркүйегінде сағат 15-30 да Ақтөбе қаласы  Промзона ауданында  көлік құралын тексеру барысында оның жүк тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатынсыз жүргізгені анықталған, яғни ҚР Инвестиция және  даму  Министрлігінің 2015 жылғы  30 сәуіріндегі «Көлік құралымен жүк тасымалдау ережесін бекіту» туралы №546 бұйрығының 14 тарауының талабын  бұзған, сөйтіп Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571 бабының 2-бөлімінде (.

Жәбірленушімен татуласты

23/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей 2017 жылғы 14 қыркүйегінде шамамен 09 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, Оңтүстік-Батыс-1 ауданы Ургеншбаев көшесінде     азаматша А.-ға жанжал шығарып, оны тән ауруына ұшыратқан, яғни Қазақстан Республикасы әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 73-2 бабының 1-бөлімінде (тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) көрсетілген  құқық  бұзушылықты  ж

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, автокөлікті масаң күйде басқарған

23/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  346 бабының  1  бөлімімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы), азамат Х.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.