Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М. 2017 жылғы 12 қазанында  шамамен 11 сағат 15 минутта, Ақтөбе қаласы, А.Молдағұлова даңғылында орналасқан мейрамхана ғимаратында, яғни қоғамдық орында шылым шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлімінде(ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат Р. кінәлі деп  танылып, 15 883 тг  әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі