Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты

«Рухани жаңғыру- мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

27/10/2017

ҚР Жоғарғы  Сотында ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру- мәңгілік ел болудың  кепілі» атты дөңгелек  үстел қарарын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мемлекеттік тілдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға судьялар, Ақтөбе қалалық прокуратурасының өкілі, Ақтөбе қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшылары және бөлімнің учаскелік инспекторлары, әділет  органының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу

23/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Э» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, 2017 жылдың  21 қыркүйегінде сағат 15-30 да Ақтөбе қаласы  Промзона ауданында  көлік құралын тексеру барысында оның жүк тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатынсыз жүргізгені анықталған, яғни ҚР Инвестиция және  даму  Министрлігінің 2015 жылғы  30 сәуіріндегі «Көлік құралымен жүк тасымалдау ережесін бекіту» туралы №546 бұйрығының 14 тарауының талабын  бұзған, сөйтіп Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571 бабының 2-бөлімінде (.

Жәбірленушімен татуласты

23/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей 2017 жылғы 14 қыркүйегінде шамамен 09 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, Оңтүстік-Батыс-1 ауданы Ургеншбаев көшесінде     азаматша А.-ға жанжал шығарып, оны тән ауруына ұшыратқан, яғни Қазақстан Республикасы әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 73-2 бабының 1-бөлімінде (тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) көрсетілген  құқық  бұзушылықты  ж

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамалды

12/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Азаматша Б. 2017 жылғы 2 қазанда Ақтөбе облысының қылмыстық  істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын әкімшілік іске қатысушы ретінде бола тұра, сотқа алкоголді мас күйінде келіп, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Алкоголді мас күйінде көлік құралын басқарған

12/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 7 қаңтарда 07 сағат 50 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, 312  атқыштар дивизиясы және К.Нокин  көшесінің қиылысында, алкоголді мас күйінде «Shevrole Niva» маркалы көлік құралын басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (

Беттер