Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ақтөбе қаласының тұрғыны М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, аз.М., жасы кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы орындау құжаты бойынша борышкер бола тұра, сот актісін орындаудан жалтарған, яғни борышкер сот қаулысын орындауға мүмкіншілігі бола тұра, ай сайын  тиісті алиментті төлемей, сот шешімін қасақана орындамаған, оның іс-әрекетінде қылмыстық жазалау әрекет белгілері болмаған. Алимент бойынша бережағы 402 191 теңгені құраған. Сөйтіп, ол Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабында (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат М. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі