Архив событий

20/10/2017

Дөңгелек үстел өткізілді

20/10/2017

Шалқар аудандық сотында «Сот кабинеті» порталы арқылы арыз беру тәртібі»  атты тақырыпта дөңгелек үстел  өткізді.

Аталған іс-шараға судья С.О.Дәріқұлова,  адвокат А.Маханбетов, Шалқар аудандық әділет басқармасының жетекші маманы А.Бақытбекова, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы А.Төлегенова   және сот мамандары қатысты.

«Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

20/10/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлеріне «Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасының м.а. А.К.Мулдагалиев семинар сабағын аша отырып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот алдында барлығы тең деген конституциялық қағиданы ұстау мақсатында сотты құрметтемеуге жауапкершілік шарасы қолданылатынын атап өтті.

Судья кездесу өткізді

20/10/2017

2017 жылдың 20 қазанда Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк ауылының №3 орта мектебінде оқушылар арасында  түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесудің басты мақсаты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершіліке тарту және оған қолданылатын жаза түрлері бойынша түсіндіру.

Ашық есік күні

20/10/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы К.М.Муратов балаларымен кездесу туралы сұрағымен азаматша К-ны қабылдады.

Жауапкер қойылған талапты мойындап, қарыз ақшаны қайтаруға міндетті

20/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К.-ның  жауапкер А.-дан ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес,  2014 жылы  жауапкер А. талап қоюшы К.-дан  1.500.000 теңге қарыз ақша алғанын, осы күнге дейін қарызды қайтармағанын, сондықтан жауапкерден оның пайдасына 1 500 000 теңге қарыз соманы және төленген мемлекеттік алымды өндіруді сұраған.

Істі қарау барысында, жауапкер А. қойылған талапты мойындап, сотқа жазбаша  түрде арызын ұсынды.

Ата-ананың жауаптылығы

20/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442 бабының  3 бөлімімен (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) азаматша Е.  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

20/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігімен (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат Х. өзімен бірге тұратын заңды некедегі зайыбы И.-ға қорлап тиісіп, жұдырығымен сол жақ иығынан бір рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратып, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылды

20/10/2017

Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  653-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азаматша О-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (сотқа құрметтенмеушілік таныту).         

Баламен араласу тәртібін айқындау туралы дау сот медиация тәртібімен шешілді

20/10/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер Р.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша: