Судья кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 20 қазанда Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк ауылының №3 орта мектебінде оқушылар арасында  түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесудің басты мақсаты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершіліке тарту және оған қолданылатын жаза түрлері бойынша түсіндіру.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылатыны, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы немесе әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкіншілігі туралы түсіндірілген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435, 442, 448 баптары бойынша көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілген. Сонымен қатар 1989 жылғы Нью-Йорк қаласында бекітілген «Бала құқықтары туралы Конвенция» бойынша талаптары түсіндірілді.

Кездесу соңында барлық туындайтын сұрақтарға жауаптар берілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі