Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арыз қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігерінің азаматша У.-ды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызы қаралды.

Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігері Ақтөбе облысының маскүнемдік  емдеу ұйымына азаматша У.-ды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызбен сотқа жүгінді.

Сот отырысында Мәртөк аудандық ОАА өкілі арызды қолдап, азаматша У., Мәртөк аудандық ОАА наркологиялық кабинетінде маскүнемдіктен зардап шегетін есепте тұрғанын көрсетті. Осыған байланысты соңғысына маскүнемдіктен дәрігер наркологтан ем қабылдау туралы ұсынылған, алайда ол одан бас тартып, арақ ішуін қоймаған.

Анасы азаматша У., оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы өтініш берген. Сот Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігерінің азаматша У.-ды 6 айға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызын қанағаттандырылды. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі