Архив событий

12/10/2017

Қобда аудандық сотында «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді

12/10/2017

Қобда аудандық сотында «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев, МКҚБ ММ полиция  взводының   командирі полиция  капитаны Е.В.Стацюк, «Күзет» қызметкерлері Лиманов М, Малайдаров А, Ажмуратов Т, Сагиев М  және  сот  қызметкерлері   қатысты.

«Мектептегі медиация» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

12/10/2017

Ойыл аудандық сотының судьясы А.С.Төремұратова «Мектептегі медиация» тақырыбында Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп гимназиясында семинар кеңесін өткізді.

Кеңесте мектеп-гимназиясының ұстаздары мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Хромтау аудандық сотында «Мемлекеттік тіл- еліміздің ұлттық игілігі» тақырыбына семинар өткізілді

12/10/2017

Хромтау аудандық сотында соттың судьяларының және мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл- еліміздің ұлттық игілігі» тақырыбына семинар өткізілді.

Ауыл тұрғындары үшін «Ашық есік күні» өтті

12/10/2017

2017 жылдың 12 қазан күні    Қобда  аудандық сотында  «Қобда» газетінің тілшісі  Т.Казиевтың   қатысуымен  ауыл тұрғындары үшін «Ашық есік күні» өтті. Шара өткізу барысында қатысушылар сотта іске асырылған,  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  енгізуге қызығушылықтарын білдірді. Оны іске асыру мақсаты азаматтық сот өндірісіне дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу.

«Сот ғимараты мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі» атты тақырыбында семинар

12/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылғы 2 маусымдағы № 13762 санды  Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің бұйрығымен бірлесе бекітілген, 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 санды «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі» атты тақырыбында семинар  сабағы  өткізілді.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамалды

12/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Азаматша Б. 2017 жылғы 2 қазанда Ақтөбе облысының қылмыстық  істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын әкімшілік іске қатысушы ретінде бола тұра, сотқа алкоголді мас күйінде келіп, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Алкоголді мас күйінде көлік құралын басқарған

12/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 7 қаңтарда 07 сағат 50 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, 312  атқыштар дивизиясы және К.Нокин  көшесінің қиылысында, алкоголді мас күйінде «Shevrole Niva» маркалы көлік құралын басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (

Ақтөбе қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

12/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен  талап қоюшы К. жауапкер С.-дан тауарды қайтару және ақшасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өз арызын, жауапкер оған алтын түсті құны 150 000  теңге тұратын Apple iPhone 6  -64 GB сатқанын негіздеп, осыған байланысты жауапкерден аталған соманы өндіруді сұраған.

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшының талаптары қанағаттандырылды

12/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К. жауапкер «Е.» АҚ-нан банктік қарыз шартын ішінара жарамсыз деп тану және ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы К.-ның өз талаптарын  жауапкер «Е.» АҚ-мен арасында банктік қарыз шарты жасалынғанын, ай сайын банк шотын жүргізген үшін банкке комиссия төлегенін негіздеп, шарттың аталған пункті заң талабына сәйкес келмейтіндіктен,жауапкерден банк шотын жүргізген үшін төленген 104 964  теңгені өндіруді сұраған.

Ақтөбе қалалық соты еңбекақы өндіру туралы талапты қарап, талап арызды қанағаттандырылды

12/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы Д., Е., К., О., С. , жауапкер  «К»  ЖШС-нен еңбекақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сәйкес, талап қоюшылар 2017 жылдың наурыз айыннан бастап шілде айына дейін жауапкер «K.» ЖШС-де қызметкер болып жұмыс жасағаны, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін қарыз пайда болып, осыған байланысты сотқа жүгінген.

Талап қоюшы өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгініп, соттан еңбекақы бойынша қарыз ақшаны өндіруді сұрады.

Ақтөбе қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

12/10/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы А. жауапкер С.-дан 90 000 теңге қарыз ақша және 90 000 теңге моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың қатысуымен қаралды.

Талап қоюшының уәжіне сәйкес, ол жауапкер С. тапсырысы бойынша кафеге пластикалық қалқан орнатқан, осы жұмыстың бағасы 290 000 теңге құраған. Атқарылған жұмысқа жауапкермен тек қана 200 000 теңге төленген, қалған 90 000 теңге ақша қайтарылмаған.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

12/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат А.Т. өзімен бірге тұратын апасы Р.С.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

12/10/2017

Байғанин аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, А.Н. 04.03.2016 ж. Ақтөбе қалалық сотының сот бұйрығының негізінде ай сайынғы табысының төрттен бір бөлігін  өндіріп алушы Ж.И.-дың пайдасына бір баласы кәмелетке толғанша алимент төлеуге міндеттелген.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

12/10/2017

Алға аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылған азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. Алға қаласы, үйіндегі пәтердің ішінде жолдасы Б.-ны лас сөздермен балағаттаған, яғни отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматқа сыйламаушылық көрсетiп, жеке тұрғын үй шегiнде оның тыныштығын бұзатын қылмыстық жаза қолданылмайтын әрекеттер жасаған.