Мәртөк аудандық сотында «Ахуалдық орталығының жұмысы және Мобильдық сот кабинеті туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында «Ахуалдық орталығының жұмысы және Мобильдық сот кабинеті туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова баяндамада Ахуалдық орталығы тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылатынын атап өтті. Ол тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік береді. Мәселен, процестік мерзімді бақылау, аудиобейне тіркеуді қолдану, сот процесінің уақтылы басталуы, сот статистикасын жүргізуге ерекше көңіл бөлінетіні айтты.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолданған электронды құжаттар туралы мәліметтерді мобильді құрылғыға жүктеу арқылы қарап, сот органдарына жолданған құжаттардың қозғалысын бақылау, күнтізбеге оқиғаларды кіргізу, сондай-ақ, іске қатысушы болып табылатын қолданушының сот отырыстары туралы мәліметтерді енгізу мүмкіндіктері қарастырылғанын, ол қорғаушылардың басқа соттарда іске қатысу бойынша бос болмауы ескерілетінін және қорғаушының бұл бойынша сот мәжілісін кейінге қалдыру    туралы өтініштерінің негізділігін тексеру және осы қосымшаны пайдаланушылар арасында хат алмасуға мүмкіндіктер беретінін айтып өтті. «Сот кабинеті» сервисіне  тіркелмеген азаматтар жоғарыда аталған мобильді қосымшада ЖСН/БСН және ұялы байланыс нөмірін көрсете отырып тіркелуіне әбден болатыны туралы түсіндірілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі