Архив событий

25/10/2017

Татуластыру рәсімдерін жүргізу шарттары

25/10/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы Шәріпова Мария Қуанышқызы  «Рика ТВ» телеарнасының «Из первых рук» бағдарламасында «Татуластыру рәсімдерін жүргізу шарттары» тақырыбында сөз сөйледі.

Тікелей эфир барысында судья татуластыру рәсімдері, оның ішінде бітімгершілік келісімінің бекітілу тәртібі қандай, партисипативті рәсімнің басқа рәсімдерден айырмашылығы қандай, медиациялық келісімнің тараптары кім және ол кіммен бекітілетіндігі, т.б. туралы   сұрақтарға жауап берді.