Архив событий

17/10/2017

Алға аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

17/10/2017

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Е.С.Муратканов және жергілікті «Жұлдыз» газетінің  бас редакторы Ж.Конжарұлы қатысты.

Брифинг барысында  соттың төрағасы  Е.С.Муратканов аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.

2017 жылдың 9 айында аудандық сотпен  81 тұлғаға қатысты 78 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 52 айыптау үкімі шығып, 15 қылмыстық іс  медиация тәртібімен қысқартылған.

Ашық есік күні

17/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні апта сайын дүйсенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Төраға А.Муканов өткізілген «Ашық есік» күнінде Ембі қаласының тұрғындары азаматша Д. неке бұзу туралы, азамат Ш. баласын қайтарып алу туралы сұрақтарымен келіп, оған қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді. 

Дөңгелек үстел өткізілді

17/10/2017

2017 жылы 17 қазанында  Мәртөк аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Мектеп медиация» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шарасаға судья Е.Нуршарыпов, «Жастар ресурстық орталығы» ҚБ-нің өкілі А.Утаралина, ҚБ «Болашақ» М.Қайролла, Мәртөк ауылы бойынша кәсіпби емес медиаторлар Б.Казанбаев, И.Данияров және Г.Кужирова қатысты.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында сот мамандарымен семинар өткізілді

17/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.Х.Кушкенбаевамен сот мамандарының қатысуымен «Төрелік» ақпараттық жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу» тақырыбында  семинар өткізілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша істерді автоматты түрде бөлу қағидасының талаптары, статистикалық мәліметтердің дұрыстығы және оның сапалы толтырылуы, істерді қарау нәтижелері мен қозғалысы бойынша туындайтын бірқатар мәселелер ортаға салынып, талқыланды.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамалды

17/10/2017

Ақтөбе қалалық соты талапшы Ш. жауапкер А. некесін бұзу туралы азаматтық іс қаралды. Сот отырысында Ш. қол хат арқылы қол қойып сотқа келуден бас тартты.

Аталған жайт бойынша Ақтөбе қалалық сот приставымен Ш.-ға  сотта белгіленген тәртіпті бұзғаны және құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы  хаттама толтырылды. 

Әкімшілік қамау түрінде жаза

17/10/2017

Қарғалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) құқық бұзушы У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.                                         

Сотқа құрметтемеушілік білдірді

17/10/2017

Қарғалы аудандық сотында А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, А. сот өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша сотталушы бола тұра, тиісті түрде сот отырысына шақырылған болса да, сотқа дәлелді себептерсіз келмей, оның қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарау мүмкіндігі болмаған. Сөйтіп А. өзінің әрекеттерімен сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/10/2017

Қарғалы аудандық сотымен Өзбекстан Республикасының азаматы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді қайталап жасағаны үшін қамалды

17/10/2017

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-бабына, сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін жазаланды

17/10/2017

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-бабына, сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

17/10/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Қ.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Қ.А. «Трактор Белорусь 80» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

17/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігімен (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) Р.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, алкогольдік масаң күйіндегі азамат Р.Н. өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі зайыбы А.Б.-ға қорлап тиісіп, жұдырығымен бетінен бірнеше рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратып, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/10/2017

16.10.2017 жылы Мәртөк  аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқыбұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша айыптағылған Мәртөк ауданының тұрғынын кінәлі деп таныды.