Архив событий

24/10/2017

Судья мәдениет үйіндегі шараға қатысты

24/10/2017

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Ж.Мусина  Қарғалсы селосы, «Геолог»  мәдениет үйіндегі «Рухани жаңғыру- қоғамның жаңаруы» бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған ұстаздар арасындағы байқауға қатысты.

Аталған шарада қатысушылар біздің ұлттық  салт-дәстүр, әдебиет, ұлттық рух туралы өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында  судья  А.Ж.Мусина  рухани жаңғыруды жүзеге асырудың еліміз  үшін маңызды мәдени-әлеуметтік  жаңалық болып табылатындығы туралы айтты.

«Рухани жаңғыру – қоғамың жаңаруы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/10/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру – қоғамның жаңаруы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

24/10/2017

Хромтау аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында  сот төрағасы А.Ж.Балмұхановтың, судья Е.Жеткергеннің, кеңсе меңгерушісі А.Таргенованың, аудандық прокуратураның  прокуроры А.Махмудовтың, аудандық ІІБ өкілдерінің қатысуларымен семинарлық сабақ өткізілді. 

Семинар барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жағдай туғызатын кері әрекеттерді жою мәселелері талқыланды.

Ашық есік күні өткізілді

24/10/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасының м.а. жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, күн сайын азаматтарды қабылдайды.

24.10.2017 жылы сот төрағасының м.а. А.К.Мулдагалиев жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда Ақтөбе қаласының тұрғыны азамат Ж. болды.

Өзбекстан азаматы елден шықпағаны үшін жауапкершілікке тартылды

24/10/2017

Әйтеке би аудандық сотында Өзбекстан азаматы С.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  517-бабының 4-бөлімінде (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) әкімшілік іс қаралды.

Сома өндіру туралы дау медиация тәртібіиен реттелді

24/10/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «В» ЖШС-нің «Г» ЖШС-нен 2 520 000 теңге сома, 15 876 теңге тұрақсыздық пен сот шығындарын өндіру туралы талап арызы және «Г» ЖШС-нің «В» ЖШС-нен 5 767 380 теңге көлемінде тұрақсыздық пен мемлекеттік баж өндіру туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралады.

Азаматтық іс медиациялық келісімнің келесі шарттарда бекітілуіне байланысты қысқартылды:

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін 5 тәулікке қамауға алынды

24/10/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының  4 бөлімімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) аз.Ж.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек қызметімен айналысқан

24/10/2017

Мәртөк аудандық соты Өзбекстан Республикасының 4 азаматтына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Мәртөк ауданы бойынша жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында  Өзбекстан Республикасының 4 азаматтын анықтаған, олар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алмай отырып, Жайсан ауылында заңсыз еңбек қызметімен айналасқан.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

24/10/2017

Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлімімен (ұрлық) азаматша У.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық істің құжаттарына сай, аз.У. 2017 жылдың 13 сәуір күні, пайдакүнемдік ниетте, бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында Аралтоғай ауылында, азаматша Ж.-ға тиесілі «Samsung Galaxy J2 prime» маркалы ұялы телефонын «билайн» симкартасымен бірге ұрлап,  оған  85 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Медиация тәртібімен азаматтық іс тоқтатылды

24/10/2017

Шалқар аудандық сотында ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс материалдары бойынша талап қоюшы К.сотқа талап арыз жазып, ол бойынша жауапкер Ұ.ортақ мүліктен үлесін бөліп беруді сұраған.           

Сот отырысында тараптар сотқа кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасасқан медиативтік келісімдерін бекітуге ұсынды.

Жауапкер Ұ. ортақ мүлкі есебінен 1 200 000 теңгені 01.06.2018 ж. дейін беретінін көрсетіп татуласуға шақырған.