Темір аудандық сотында «Сотқа құрмет көрсепегені үшін жауапкершілік» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотында сот төрағасының, судьяның және сот қызметкерлерінің  қатысуымен семинар өткізілді.

Аталған семинарда  сот приставы Д.Т.Омаров Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша сотқа құрметтемеушілік білдіру - процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) екендігін  атап өтіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру тәртібін және сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы айтып берді. Семинар соңында сұрақтар талқыланып, зерделенді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі