Темір аудандық соты

Ұсақ бұзақылық жасаған

24/08/2017

Темір аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Соттағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

23/08/2017

Темір аудандық сотында соттағы қауіпсіздік деңгейін жоғарылату, соның ішіндеақпараттық қауіпсіздік жүйесін, рұқсатнама режимінің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сот мамандары және мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот ұжымы «Мектепке жол» акциясына қатысты

23/08/2017

Темір аудандық сотының ұжымы аз қамтылған отбасы балаларын жалпы орта біліммен қамтамасыз ету және қайырымдылық көмек көрсету мақсатында аудан көлемінде өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясы аясында Сартоғай негізгі мектебінің 1 сынып оқушыларына қажетті мектеп формасы мен оқу құралдарын алып беру түрінде материалдық көмек көрсетті.

«Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

17/08/2017

Темір аудандық сотында судьялар және Темір ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, «Шұбарқұдықжылу» КМК, «Қазақтелеком» АҚ, «Энергосистема» ЖШС өкілдерінің қатысуымен «Сотта бұйрық арқылы іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық сот төрағасы Н.Бақтығалиев өз сөзінде сот бұйрығы шығарылатын талаптарға, сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұнына, мемлекеттік бажды төлеу, сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімдеріне, сот бұйрығының күшіне енуі және орындауға жіберу тәртіптеріне тоқталды.

«Ашық есік» күні

09/08/2017

Ақпараттық ашықтықтықты арттыру, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты күшейту, халықпен жиі кездесулер өткізу, оларға заңдарды және құқықтарын түсіндіру бүгінгі күні жергілікті соттардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Осы орайда Темір аудандық сотында өткізілген «Ашық есік» күнінде сот төрағасының қабылдауында еңбек ардагері, 1939 жылы дүниеге келген Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Қисан Каметов болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

28/06/2017

Темір аудандық сотымен Темір аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, аудандық әкімшілік, ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясы, ақсақалдар кеңесі, аудандық мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Сот ұжымы аудандық «Темір» газетінің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28/06/2017

Ақтөбе облысы Темір аудандық сотының төрағасы Н.Бақтығалиев, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі И.Исмаилова аудандық «Темір» газетінің қызметкерлерін байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады.

 «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі»-деп А.Байтұрсынов тегін айтпаса керек.  Аудан өмірінің тыныс-тіршілігінің айнасы аудандық «Темір» газетінің қайта жарық көргеніне биыл 45 жыл толып отыр.

Жұмыстан босатылған қызметкердің құқықтары сотпен қалпына келтірілді

07/06/2017

С. «К» МКК-на бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, бос жүрген уақытына еңбекақысын, сот шығындарын және моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді сұрап сотқа жүгінді.

Сот отырысында талапкер өкілі талабын толықтай қолдады, жауапкер өкілі талаппен келіспейтінін мәлімдеп, еңбек шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қойды.

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

01/06/2017

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

 

2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Заңның басты мақсаты дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Беттер