Ұсақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Б. 2017 жылғы 07 маусымда ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған бола тұра, 2017 жылғы 26 шілдеде сағат 16.30 шамасында арақ ішкен мас күйінде Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Теміржол көшесіндегі жатақхананың алдында, қоғамдық орында, басқа адамдардың көзінше азаматша Г.-ның ар-намысына тиетін сөздер айтып, оны лас сөздермен балағаттап, яғни ол әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап ұсақ бұзақылық жасаған.

Темір аудандық сотының қаулысымен Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі