Архив событий

10/08/2017

Хромтау аудандық сотында «Медиация күніне» арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

10/08/2017

Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Ж.Балмұханов  «Медиация күні» қарсаңында Хромтау аудандық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Кездесуге кәсіпқой медиаторлар Т.Уразбаев, А.Надралиева,  жергілікті «Хромтау» газетінің тілшісі Б.Қаметияқызы және аудан тұрғындары қатысты.

Шараның басты мақсаты өңірімізде медиация институтын дамыту және насихаттау, халық арасында дау-жанжалдарды сотқа дейін шешу мәдениетін көтеру болып табылады.

Хромтау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

10/08/2017

Хромтау  аудандық сотында азаматтық істер бойынша іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру нәтижелерін талқылау жөніндегі  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарасында Хромтау ауданының кәсиби және кәсіби емес медиаторлары, жергілікті билік өкілдері, жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде, яғни 2017 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында Хромтау аудандық сотымен  36 азаматтық іс пилоттық жоба шеңберінде қысқартылған.

Студенттермен кездесу

10/08/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлы заң колледжі «Құқықтану» мамандығының 2 курс орыс бөлімінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Сот төрағасының м.а. А.К.Молдағалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Дау медиация тәртібімен шешілді

10/08/2017

Алға аудандық сотымен талапкер Д.-ның жауапкер Н.-ға басқа біреудің заңсыз иелігінен автокөліктің құжатын талап ету туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

10/08/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Л» ММ-нің дара кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, шартты бұзу, тұрақсыздықты өндіру туралы  талап арызын қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 18 мамырда тараптар арасында №58/2017 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, оның шарттарына сай жеткізуші жалпы сомасы 1 050 000 теңгеге тауар жеткізуге, ал тапсырысшы қабылдап және қызметті төлеуге міндеттенген. Алайда, жауапкер талап қоюшыға тауар жеткізбеген.

Тараптар сотта татуласты

10/08/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай, П. азамат өзінің үйінде 02.08.2017 жылы сағат шамамен 12:00-де, азаматтық некедегі азаматша М.-ға былапыт сөйлеп, өзімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсеткен.

Темекі қалдығын лақтырғаны үшін жазаланды

10/08/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  434 бабы 1 б.(ұсақ бұзақылық). сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен азамат А. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша а. «Кристалл» дүкені маңында темекі шегіп тұрып темекі қалдығын тастады және сол қылығымен айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп қоғамдық орынды ластағандығы бекітілді.

Берешек сомасы өндірілді

10/08/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  «Б» АҚ-ы «Э» ЖШС-нен сыйақы мен өсімақы есебімен жалпы берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Ұсынылған құжаттарға сай, «Б» АҚ мен «Э» ЖШС арасында жасалған  2007 жылғы 14 ақпандағы банктік заем шартының негізінде, талап қоюшы жауапкерге 02.03.2007 жылдан 02.03.2017 жылға дейінгі мерзімге жалпы сомасы 73 800 АҚШ долларын заемға берген.  Шартқа №1 қосымшаға сәйкес заем мен сыйақыны өтеу кестесі орнатылған.

«Халықаралық пактілер және Конвенцияларды қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10/08/2017

Әйтеке би  аудандық сотында «Халықаралық пактілер және Конвенцияларды қолдану»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.А.Әбдіров, Әйтеке би  аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.Арыков, адвокат К.Матаева және сот қызметкерлері  қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмыс барысында Халықаралық пактілер және Конвенцияларды қолдану  мәселелері талқыланды.