Архив событий

28/08/2017

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

28/08/2017

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған іс-шараға Хромтау қаласының тұрғыны А. қатысып, қылмыстық іс бойынша сот шығындарын өтеу тәртібі туралы сауалдарын қойды.

Қатысушының сауалдарына сот төрағасы міндетін атқарушы С.Жұмашкинамен заң тұрғысынан толықтай жауап берілді, сонымен бірге сот орындаушыларына жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара соңында азаматша судьяның ықыласты қабылдауына ризашылығын айтып, осындай іс-шаралардың көптеп өтуіне тілектестігін білдірді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта кафеде болуына жол бергені үшін айыппұл салынды

28/08/2017

Хромтау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132-бабының 1-бөлігі бойынша И.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру).

Іс құжаттарына сәйкес, И. «В» кафесінің әкімшісі бола тұра, 2000 және 2002 жылы туылған кәмелетке толмағандар  Ж. және С.-ның түнгi уақытта заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемесiнде болуына жол берген.

Сот медиациялық келісімді бекітті

28/08/2017

Хромтау аудандық сотында талап қоюшы Е.-ның жауапкер Т. және Н.-ға берешекті ортақ деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Е. жауапкер Н.-дан 30.05.2016 жылғы сот шешімімен 435 209 теңге көлемінде берешек өндіріліп, берешекті өтеу үшін жауапкердің жалақысынан ұсталып отырды. Қазіргі таңда жауапкер Н. бала күтіміне байланысты демалыста болғандықтан, табыстары жоқ, сондықтан берешекті ерлі-зайыптылардың ортақ берешегі деп танып, жауапкер Т.-ның жалақысынан өндіруді сұрап, талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Қобда аудандық сотында «Рухани жаң¬ғыру - мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөнгелек үстел өтті

28/08/2017

Қобда  аудандық сотымен  «Аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесі» ММ-де Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық сот төраға м.а. Ш.Е.Есжанова,  тарихшылар: А.Уразов, А.Уталиева,  аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері: К.Шакенов, Г.Ергалиева , аудандық  прокуратураның , ішкі  саясат  болімінің  өкілдері   және БАҚ  өкілдері  қатысты.

Қобда аудандық сотында « Ашық есік күні» өткізілді

28/08/2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыру; төрешілдікті азайту; соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін үнемі назарынан тыс қалдырмай келеді.

Халық пен соттың арасын жақындату, сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында  Қобда  аудандық сотында «Ашық есік күндері», төрағаның азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде болып тұрады.

Қобда аудандық сотында пилоттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды

28/08/2017

Қобда аудандық сотында  аудандық сот төраға  міндетін атқарушы Ш.Е.Есжанова,  аудандық прокуратура қызметкерлері,  кәсіби  емес  медиаторлары,  адвокаттарының қатысуымен  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Қобда аудандық сотында қызметтік этиканы талқылау мақсатында семинар сабағы откізілді

28/08/2017

Қобда аудандық  сотында «Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметін жүзеге асыруда қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында  семинар  сабағы  откізілді.

Іс-шараға   кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары және  сот кеңсесінің қызметкерлері  қатысты.

Ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

28/08/2017

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қобда  филиалында   «Сот кабинеті»   ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Қобда   аудандық сотының кеңсе  жетекші маманы А.Б.Курмангалиева   көрнекті түрде  электрондық талап арызды, әкімшілік істерді,   апелляциялық шағымды және басқа электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлемі, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алу тәртібін көрсетті.

Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапталды

28/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарында көрсетілгендей, азамат А., 2017 жылғы 18 тамыз Ақжар-2 ауылында, Қазақстан Республикасының Жол қозғалы ережелерінің 11.5.3 тармағын бұзып, «Volkswagen Passat» автокөлігін басқарып келе жатып, жаяу жүргіншілер өтпесінде  қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығумен басып озып, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Оқиға орнын тастап кеткені үшін жауапталды

28/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылдың 09 тамыз күні сағат  17-15 шамасында, Ақтөбе қаласы Уалиханов көшесінде, «Kia Rio» автокөлігін басқарып келе жатып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.8 тармағының талабын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған, сөйтіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611 бабының 2 бөлімінде (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) көрсетілген құқ

Халықпен кездесу өткізілді

28/08/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Ж.Ахмет «Қалалық оқушылар сарайы» қызметкерлерімен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру» атты кездесу өткізді. 

Бас маман сот-мәжілісінің хатшысы А.Ж.Ахмет өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы – дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден бір жолы екенін атап кетті.