Архив событий

04/08/2017

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар

04/08/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Муканов,  Мұғалжар аудандық прокуратура, қалалық және желілік ПБ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел өткізілді

04/08/2017

Шалқар аудандық сотында «Құжаттарды мұрағатта сақтау тәртібі туралы» тақырыбында жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік мұрағаты ММ-нің Шалқар филиалының директоры Е.Мусин қатысты.

Дөңгелек үстелде жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова өз баяндамасында жасаған құжаттарды мұрағатта сақтау және мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру тәртібіне тоқталып, түсіндірме жасады. 

Сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылды

04/08/2017

Алға аудандық сотында талап қоюшы К.-ның мемлекеттік сот орындаушыларының әрекетіне дау айту туралы  азаматтық   ісі қаралды.

Азамат К. Алға қаласында сату сатып- алу  келісім шарты негізінде азамат Ж.-дан жер телімін   сатып алып жұбайымен үй тұрғызып, жанұясымен тұрып жатқан үйін әділет басқармасына барып өз атына меншік құқын тіркеп алғысы келгенде, жылжымайтын мүлікке ауыртпалылығы салынып, мемлекеттік сот орындаушымен тиым салынып, мемлекет пайдасына   берілгенін естіп, сотқа сот орындаушыларының әрекетіне дау айтып, арызбен жүгінген. 

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

04/08/2017

Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөлігіне сәйкес бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

2017 жылдың 29 сәуірінде сағат 15-00 шамасында сотталушы аз.Л. қасақана, пайдакүнемдік ниетімен, бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында оны ешкім көрмегенін пайдаланып Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылы Дулатов көшесінде орналасқан жәбірленушінің ауласына кіріп, төрт темір қаңылтырды ұрлап кетті, сонымен жәбірленушіге 5 000 теңгеге материалдық зиян келтірген.

Қобда аудандық сотында 2017 жылдың 7 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

04/08/2017

Қобда  аудандық сотымен  2017  жылдың  7   айында    атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.   Жиынға сот төрағасы  А.Т.Анарбаев   және  жергілікті БАҚ  өкілі  Г.Сингараева   қатысты.

2017  жылы  7  айында    аудандық   сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Қобда аудандық сотымен  2017   жылдың  7  айында      барлығы   22  адамға қатысты  18  қылмыстық іс,   197  азаматтық іс және   253  әкімшілік іс қаралған.

Нашақорлық еліту жағдайында қоғамдық көлікті басқару

04/08/2017

Ақтөбе қалалық №2 сотында азамат И.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 346 бабының  1 бөлігімен     қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, 2 маусым 2017 шамамен 1 сағат 10 минутта   бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған азамат И., маркасы «Chevrolet Cruze»  автокөлігін басқара отырып, нашақорлық еліту жағдайында Ақтөбе қаласы Абылхайыр хан даңғылында «Сулпак» дүкеніне қарама - қарсы жағында жүрген жерінде жол потрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

04/08/2017

Шалқар аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен С.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды. (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы)

Ақтөбе облысының соттарында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңын талқылау бойынша жедел кеңес өткізілді

04/08/2017

Ақтөбе облысының соттарында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңын талқылау бойынша жедел кеңес өткізілді.

Кеңеске сот төрағалары мен судьялар, кеңсе меңгерушілері мен сот мамандары қатысты.