Архив событий

02/08/2017

Есірткімен мас күйінде көлік құралын басқарған

02/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 20 маусымда 20 сағат 10 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Қонаев көшесінде есірткімен мас күйінде «Bmw 730» маркалы көлік құралын басқарған, яғни Жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын 2.4.2 тармағының талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (көлік құралдарын басқару құқығы жо

Жасөспірім Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды

02/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жасы кәмелетке толмаған О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда 2017 жылдың 21 шілдесінде ол Беларусь Республикасының азаматтығын алып, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанмен заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы фактіні Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шекаралық мекемелерге хабарламаған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496 бабының 2-бөлімінде (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азам

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

02/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  Ақтөбе қаласының тұрғыны А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілік

02/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылғы 3 шілдеде, Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының сот отырысы залында, өзі жәбірленуші ретінде қатысатын аз.А.-ға қатысты істі қарау барысында балағат сөздер айтқан, яғни осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде (сотты құрметтемеушілік, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көрiнген әрекеттер, сондай-ақ сотты және (нем

Көлікті тоқтату талабын бұзғаны үшін айыппұл

02/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат К. 2017 жылғы 28 маусымда, шамамен 12 сағат 30 минутта, ҚР Жол қозғалысы ережесінің 12.4.7  тармағының талабын бұзып, Ақтөбе қаласы, Нокин даңғылындағы «ЗапКазЯрмарка» аялдамасында тұрған, сөйтіп  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597 бабының 1-бөлімінде (көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.             

Шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзды

02/08/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ресей Федерациясының азаматы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасына келіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бес календарлық күн өткеннен кейін үш күн ішінде тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болғаны анықталған, сөйтіп ол, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 2 бөлімінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның белгіленген мерзімдерден астам уақы

2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс бойынша кеңес

02/08/2017

Шалқар  аудандық  сотында 2017 жылдың 6 айында  атқарылған жұмысты қорытындылауға байланысты кеңес өткізілді.

Кеңесте сот төрағасы О.Бақтыгереев аудандық сот жұмысындағы жетістіктерді атап өтіп, сонымен қатар кемшіліктерге де тоқталды.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязова  2017 жылдың 6 айында статистикалық мәліметтерге сәйкес  қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша және жоғарғы сатыдағы соттарда бұзылған, өзгерген сот актілері бойынша анықтама жасады.

«Сот жүйесінде ақпараттық технологияның қолданылуы» тақырыбында семинар өтті

02/08/2017

Мұғалжар аудандық  сотында «Сот жүйесінде ақпараттық технологияның қолданылуы» тақырыбына семинар өтті.

Шараға судья Н.Е.Кендирбаева, құқық қорғау органдардың өкілдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Семинарда судья Н.Е.Кендирбаева  жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы екенін, «Сот кабинеті» сот жүйесіндегі оңайлатылған іс жүргізуді және сот жүйесінің азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылған онлайн қызметі болып табылатынын атап  өтті.