Архив событий

29/08/2017

Құқық бұзушы полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

29/08/2017

Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы С.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабының 1-бөлігі (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібіндегі пилоттық жоба аясында қаралды

29/08/2017

Талап қоюшы  Т. жауапкер А.-ға мүлікті бөлісу  туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотпен тараптарға пилоттық жобаны іске асыру туралы медиацияның артықшылықтары түсіндірілген хабарлама жолданып, медиативтік келісімді бекітудің және істі өндірісімен тоқтатудың салдары түсіндірілді.

Содан кейін, тараптардан дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берілген.

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін 3 тәулікке қамауға алынды

29/08/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440- бабының  4- бөлімімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) азамат Д.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

«Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында семинар өтті

29/08/2017

Әйтеке би аудандық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын   кеңейту» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға төраға А.Әбдіров, аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ә.Арыков, АІІБ-нің тергеуші А.Накубов, адвокат К.Матаева және кеңсе мамандары қатысты.

«Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

29/08/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта ағайынды Жұбановтар атындағы музейінде  дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға  сот төрағасының м.а. Ж.Кунаева, «Ембі қаласы әкім аппараты» ММ-нің өкілі, ағайынды Жұбановтар  атындағы мемориалдық музейінің  қызметкерлері, сот қызметкерлері  қатысты.

Конституция күніне көрме ұйымдастырылды

29/08/2017

Шалқар  аудандық тарихи- өлкетану музейінде Конституция күніне арналған көрме  ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шалқар аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы С.Дәріқұлова,  аудандық соттың  кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы А.Болысбай, бас мамандар А.Бекмурзина, Г.Есжанова және музей қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.  

Қобда аудандық сотында «Ата Заңымыз – Тәуелсіздігіміздің кепілі» тақырыбында іс шара өткізілді

29/08/2017

Конституция күніне орай  Қобда аудандық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата Заңымыз – Тәеулсіздігіміздің кепілі» тақырыбында іс шара өткізілді.

Іс шараға аудандық  сот  төраға  міндетін атқарушы  Ш.Е.Есжанова , кеңсе менгерушісі А.К.Маденова және сот мамандары   қатысты.