Архив событий

22/08/2017

Ойыл аудандық сотында «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/08/2017

Ойыл аудандық сотында  аудандық проуратура өкілі А.Өмірсеріков, «Ойыл ауданы бойынша кірістер басқармасы» ММ өкілі Б.Майланов, «Ойыл ауданы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ өкілі С.Нугманов, «Қазақтелеком» АҚ өкілі Э.Айдынғалиқызы, «Көкжар» КМК өкілі К.Қонысбаева, «Ойыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ  қатысуымен «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

22/08/2017

Мұғалжар аудандық сотымен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық сотының тергеу судьясы Ж.М.Сейтжапаров, Мұғалжар аудандық және Қандыағаш көлік прокуратураларының, Мұғалжар аудандық ІІБ-нің және Қандыағаш станциясындағы ІІЖБ-нің өкілдері қатысты.

Азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқталды

22/08/2017

Шалқар сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер Н.-дан неке  бұзу туралы  азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 181-бабына сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хаты мәлімдеуге құқылы.

Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуі мен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Тараптар сотта татуласты

22/08/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай, азамат Е.өзінің үйінде 16.08.2017 жылы сағат шамамен 08:00-де өзінің анасын лас сөздермен балағаттап, өзімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсеткен.

Ақтөбе қаласының №2 сотында семинар өткізілді

22/08/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында сот мамандарымен «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды орындауға жолдау» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Кеңсе меңгерушісі Г.Ихсанова семинарға қатысушылардың назарына «Төрелік» АЖ-ның сот ісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуді ұсынды.