Архив событий

25/08/2017

Неке қатынастары сақталды

25/08/2017

2017 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі бекітілді. Осындай даулардың бірі-некені бұзу туралы талаптар.

Мәртөк аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер мен жауапкер 2000 жылы некеге тұрған, кәмелет жасқа толмаған 4 баласы бар.

Сот мүгедектің құқықтарын қорғады

25/08/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер «Ф» компаниясына, «Е. СК» АҚ-на мүгедекті оңалту бағдарламасын орындауға мәжбүрлеу және ақша өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алкоголь өнімдерін тыйым салынған мезгілде сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

25/08/2017

Ырғыз аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы, 3-бөлігімен (Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн, сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) азаматша А.-ға қатысты іс қаралды.

Сотқа құрметтемеушiлiк үшін жауапкершілікке тартылды

25/08/2017

Ырғыз аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен (Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк))

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

25/08/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы Е.Бақытжан, сот судьялары,  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих ғылымдарының докторы Рахим Ағыбайұлы Бекназаров, С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің  тарих ғылымдарының кандидаты  Сұлтан Исаұлы Жайық, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы  Амангелді Калижанұлы Калмухамбетов қатысты.

Азаматтарды қабылдау жүргізілді

25/08/2017

Қарғалы аудандық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша әр бейсенбі күні сағат  14ºº-18ºº -ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

«Жол-көлік оқиғалары» тақырыбында брифинг

25/08/2017

Қарғалы аудандық сотында «Жол-көлік оқиғалары» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.О.Аманкулова  және «Қарғалы» газетінің бас редакторы К.Байханова қатысты.

Мәдениет қайраткерімен кездесу

25/08/2017

Шалқар аудандық сотында мәдениет қайраткері Ғ.Ж.Төлегенмен  кездесу өткізілді.

Кездесуде Шалқар аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы С.Дәріқұлова  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндірді. 

Шалқар аудандық соты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты

25/08/2017

Жыл бойы Ақтөбе облысында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

«Мектепке жол» акциясының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындығына көмек көрсету.            

Биылғы акцияға Шалқар аудандық сотының ұжымы қатысып, аталған акцияға өз үлесін қосты.

Ақша ұрлаған

25/08/2017

Жыл басынан бастап медиация әдісі қолданып 7 қылмыстық іс бойынша өндірістері қысқартылумен қаралды.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал.

Рухани жаңғыру – қоғамың жаңаруы

25/08/2017

Мұғалжар аудандық сотымен аудандық тарихи- өлкетану мұражайы ғимаратында  Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық сот төраға м.а. А.Е.Мусина, судья Н.Е.Кендирбаева,  аудандық сот мамандары  мен мұғалжар аудандық мұражай қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.