Архив событий

24/08/2017

Ойыл аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

24/08/2017

Ойыл аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, іс шараға сот төрағасы С.З.Танимова, судья А.С.Туремуратова, Ойыл аудандық прокуроры міндетін атқарушы Ж.Аманжолов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Берекенов қатысты.

Елбасының мақаласы талқыланды

24/08/2017

Шалқар  аудандық сотымен аудандық тарихи- өлкетану музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Шалқар аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы С.Дәріқұлова,  аудандық тарихи-өлкетану музейінің директорының міндетін атқарушы А.Кыдыралина, аудандық соттың  бас маманы А.Болысбай және музей қызметкерлері  қатысты.

«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген мінез-құлықтың жалпы стандарттары» тақырыбында семинар өтті

24/08/2017

Мұғалжар  ауданының №2 аудандық сотының  кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева  сот отырысының хатшылары, кеңсе  мамандары арасында «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген мінез-құлықтың жалпы стандарттары» тақырыбында семинар өткізді.

Ұсақ бұзақылық жасаған

24/08/2017

Темір аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында семинар өткізілді

24/08/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот қызметкерлері қатысты.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарын алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау механизмдері талқыланды.

Сот медиациялық келісімді бекітті

24/08/2017

Хромтау аудандық сотында талап қоюшы Е.-ның жауапкер Т және Н.-ға берешекті ортақ деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Е. жауапкер Н.-дан 30.05.2016 жылғы сот шешімімен 435 209 теңге көлемінде берешек өндіріліп, берешекті өтеу үшін жауапкердің жалақысынан ұсталып отырды. Қазіргі таңда жауапкер Н. бала күтіміне байланысты демалыста болғандықтан, табыстары жоқ, сондықтан берешекті ерлі-зайыптылардың ортақ берешегі деп танып, жауапкер Т.-ның жалақысынан өндіруді сұрап, талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Хромтау аудандық сотында «Дауды бітімгершілік жолмен шешу» тақырыбында брифинг өтті

24/08/2017

Брифинг барысында сот төрағасы м.а. С.Жумашкина татуласуға бірінші және маңызды қадам сот қарауына әзірлеу сатысында басталатынын айтып өтті. Нақты айтқанда, осы сатыда тараптар өз көзқарастарын, дауды шешудегі өзінің түсінігін ашуы, уәждер келтіруі, өз наразылығын білдіруі, дәлелдеулер ашылатын тараптар позициясын, дау мәнін белсенді анықтаумен қатар, дау түрін талқылауы тиіс.