Архив событий

18/08/2017

Құқық бұзушы бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

18/08/2017

Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Ашық есік күні

18/08/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы К.М.Муратов кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы сұрағымен азаматша Б. мен азамат Н.-ды қабылдады.

Рухани жаңғыру – қоғамның жаңаруы

18/08/2017

Хромтау аудандық сотымен аудандық тарихи- өлкетану мұражайы ғимаратында  Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмағанның заңды өкілісіз жүруі

18/08/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132- бабының 1-бөлігімен  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.