Архив событий

07/08/2017

Сот қаулысымен белгіленген ерекше талаптарды орындамағаны үшін айыппұл салынды

07/08/2017

Ырғыз аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат Н.-ға қатысты іс қарады.

Сотта медиативтік келісім бекітілді

07/08/2017

Ырғыз аудандық сотында талап қоюшы И.-ның жауапкер С.-дан 1 070 000 (бір миллион жетпіс мың) теңге көлеміндегі қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында талап қоюшы талабының көлемін 802 500 теңге дейін азайтып өндіруді сұраған, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу келісімімен жүгінгін. Келісімнің талаптарына сәйкес жауапкер С. 802 500 (сегіз жүз екі мың бес жүз) теңге қарыз ақшаны талап қоюшы И.-ға 15.12.2017 жылға дейін қайтарып беруге міндеттенеді, ал талап қоюшы талаптан бас тартады.

Анасын балағаттап 10 тәулікке қамалды

07/08/2017

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша аз.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, азамат Т. арақ ішкен мас күйінде үйіне келіп, анасы А.-ны лас сөздермен балағаттап, тиісіп, оған сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында аз.Т. өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін, кешірім сұрайтынын, ал анасы А. оны кешірмейтінін айтқан.