Архив событий

17/08/2017

Тиісті рұқсатсыз қара металл қалдықтарын өткізген үшін жеке кәсіпкер жауапқа тартылды

17/08/2017

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлімімен (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) құқық бұзушы Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

17/08/2017

Темір аудандық сотында судьялар және Темір ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, «Шұбарқұдықжылу» КМК, «Қазақтелеком» АҚ, «Энергосистема» ЖШС өкілдерінің қатысуымен «Сотта бұйрық арқылы іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық сот төрағасы Н.Бақтығалиев өз сөзінде сот бұйрығы шығарылатын талаптарға, сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұнына, мемлекеттік бажды төлеу, сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімдеріне, сот бұйрығының күшіне енуі және орындауға жіберу тәртіптеріне тоқталды.