Ақтөбе облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Смағұлов Айдар Әскербекұлы

ҚР Президентінің 2023 жылғы 27 ақпанындағы №132 Жарлығымен тағайындалды

Смағұлов Айдар Әскербекұлы 1973 жылы 10 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

​Сот саласында 2001 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Кәсіби еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің атқарушылық іс жүргізу және сот приставтары бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастаған.​ Соттар әкімшісінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету және талдау бөлімін басқарған. Әр жылдары Петропавл қалалық сотының судьясы, Петропавл қаласы №2 сотының судьясы, 2010-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған. 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы болып тағайындалып, ал, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

​Мінсіз қызметі үшін III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен, «Үш би» Судьялар Одағының құрмет белгісімен марапатталған.