Архив событий

16/08/2017

Хромтау аудандық сотында «Сотпен шығарылған жеке қаулылардың орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/08/2017

Дөңгелек үстелге аудандық сот судьялары Хромтау аудандық прокуратурасының прокуроры А.Махмудов, Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет бойынша орынбасары Ж.Жексенбаев, учаскелік инспекторлар Д.Азембайулы, Ж.Абдысаликов, Б.Орынбасар, Д.Досманов қатысты.

Мас күйінде көлік құралын басқарған үшін ауыл тұрғыны жауапкершілікке тартылды

16/08/2017

Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы М. 2017 жылдың 28 шілде күні сағат 02-40-шамасында,  Комсомол ауылы Желтоқсан көшесінде  маркасы Volkswagen Golf автокөлігін арақ ішкен мас күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы Жол қозғалыс ержесінің 2.4.2 тармағын бұзғаны анықталған.

Шалқар аудандық сотында салтанатты шара өткізілді

16/08/2017

Шалқар аудандық сотында сот жүйесінің ардагерлері, соттың бұрыңғы қызметкерлері Зауреш Нажикова мен Бибігүл Елеусенованың 60-жас мерей тойларына  орай салтанатты шара өткізілді.

Ақтөбе облысының соттар әкімшісінің басшысы Қ.А.Женәлімовтың құттықтау хаты табыс етілді.

Құттықтау сөзімен төраға міндетін атқарушы С.Дәріқұлова шығып, сот жүйесіндегі көп жылдар бойы еңбегін атап өтіп, ыстық тілектерін білдіріп, сот ұжымы атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

«Мемлекеттік қызметкердің мінез-құлық этикасы» тақырыбында семинар өткізілді

16/08/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметкердің мінез-құлық этикасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға төраға міндетін атқарушы Қ.М.Мұратов  және кеңсе мамандары қатысты.

Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

16/08/2017

Мұғалжар аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. 

Іс-шара барысында төраға м.а. А.Е.Мусинаның қабылдауында  көкейлерінде жүрген өзекті мәселеріне жауап алуға келген жергілікті тұрғындар болды. Сұрақтардың басым бөлігі меншік құқығы мен мүлікті тыйымнан босату тәртібін қамтыды.

Сот төрағасының м.а. А.Е.Мусина азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтты.

Әйтеке би аудандық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

16/08/2017

Әйтеке би аудандық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға төраға А.Әбдіров  және кеңсе мамандары қатысты.

Семинар барысында төраға А.Әбдіров Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Қарғалы аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбына семинар өткізілді

16/08/2017

Қарғалы аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасының м.а. А.Қ.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісінің м.а. Г.К.Бижанова, кеңсе мамандары және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Алға аудандық сотында «Бұйрық өндірісі арқылы арыз беру» тақырыпта семинар өтті

16/08/2017

Алға аудандық соты «Бұйрық өндірісі арқылы арыз беру» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға сот төрағасы Е.С.Мұратқанов, судьялар және Алға аудандық кіріс басқармасының, КМК «Алға-Жылу», «Тазалық» ЖШС-нің өкілдері, кеңсе мамандары қатысты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар

16/08/2017

Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға Қарғалы аудандық сотының төрағасы м.а.  А.Шарипбаев,  Қарғалы аудандық прокуратура, қалалық және желілік ПБ өкілдері қатысты. Семинар кеңесте  сот төрағасының м.а.

Медиация тәртібі қолданылды

16/08/2017

Алға аудандық сотымен талапкер К.-ның жауапкер Қ.-ға заңды тіркелген некені бұзу  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер К.-мен өзара түсініспеушіліктің салдарынан және некені сақтап қалу мүмкіншіліктің жоқтығына байланысты  некені бұзуды сұраған.                                                           

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, яғни талап қоюшы талап арызынан бас тартып, ал жауапкер