Архив событий

01/08/2017

«Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын анықтау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

01/08/2017

Ойыл аудандық сотында «Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын анықтау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты жылжымайтын мүліктердің меншік құқығын анықтау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы, негіздері  мен оларға қатысты қойылатын талаптарды түсіндіру болып табылады.

Шараға аудандық прокуратура,аудандық әділет басқармасының,жер қатынастар бөлімінің, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының және аудандық сотының мамандары қатысты.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

01/08/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Медиация заңы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы Е.С. Бақытжан, судьялар, Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім бастығы А.С.Таналиева., Медиаторлар Ұлттық Палатасы АҚБ-ның өкілдігінің директоры С.Ш. Түлкібаева., Ақтөбе қалалық ІІБ-ның бастығының бірінші орынбасары Н.С.Байтақ, тағы да басқа  Ақтөбе қалалық ІІБ-ның өкілдері қатысты.

Өзбекстан Республикасының азаматы көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

01/08/2017

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабының 2-бөлімімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дауды татуласу рәсімімен шешу

01/08/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы К.-ның жауапкер Е.-ге кәмелетке толмаған балалармен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар  сотқа татуласу келісімін тапсырып, онда араларындағы келісілген шарт бойынша:

Талапер К., кәмелетке толмаған балалары Н. мен С-ның  жауапкер Е.-мен әр айдың жұма күні сағат 18.00-ден сенбі күні сағат 18.00-ге дейін араласуына келіседі.