Ойыл аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, іс шараға сот төрағасы С.З.Танимова, судья А.С.Туремуратова, Ойыл аудандық прокуроры міндетін атқарушы Ж.Аманжолов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Берекенов қатысты.

 Жиында өз сөзінде сот төрағасы С.Танимова медиацияны қазіргі заманда құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі болып табылатындығын, Азаматтық процестік кодекс татуласу рәсімдерін қолдануды көздейтіндігін, соған сәйкес сот медиациясының кеңеюіне мүмкіндік бергендігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысып отырған мекемелердің өкілдері осы аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі