Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотымен Темір аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, аудандық әкімшілік, ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясы, ақсақалдар кеңесі, аудандық мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Президент бағдарламада нарыққа өзгелерден ұтымды дүние ұсына алғанда бәсекеге төтеп баруге болатынын, сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік прагматизммен ұштасқанда ғана нәтиже боларын атап көрсеткен. Бұл әркімнің өзінің жеке байлығын, мүмкіндігін жете саралап, болашаққа жоспар құра білумен байланысты. Қазіргі бағыт әркімнің кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құру болып отыр.

Дөңгелек үстелде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы бағдарлама бойынша баяндама жасады.

Дөңгелек үстел қатысушылары мақалада көтерілген мәселелерге қатысты өз ойларымен бөлісті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі