Архив событий

16/06/2017

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

16/06/2017

Алға аудандық  сотында  талап қоюшы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер    О.-дан коммуналдық қызмет үшін берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында жауапкер О. жанұясымен коммуналдық қызметтерді пайдаланып, коммуналдық қызмет үшін қарызды қайтармағаны анықталған, сол себептен дауды шешу үшін талап қоюшы сотқа  жүгінген.

Сот көтерме жәрдемақы өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

16/06/2017

Мәртөк аудандық соты «Мәртөк аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің жауапкерден көтерме жәрдемақыны өндіру туралы талап арызын қарады.

 Мәртөк аудандық әкімінің 27.11.2015 жылғы №506 «Көтерме жәрдемақысын төлеу әлеуметік қолдану шарасын көрсету туралы» қаулысы бойынша  жауапкерге    маман ретінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу  әлеуметтік қолдау шаралар ұсынылып, білім беру ұйымында кемінде үш жыл қызмет істеуге міндеттелген, 138 940 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы берілген.

Миграциялық заңнаманы бұзу туралы әкімшілік істерге байланысты брифинг өтті

16/06/2017

Ойыл аудандық сотының төрағасы С.З.Танимова жергілікті «Ойыл» басылымының редакторы С.Қойбағаровтың қатысуымен ҚР миграциялық заңнаманы бұзу туралы әкімшілік істерге қатысты түсінік берді.

Ағымдағы жылдың бес айында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 27 адамға қатысты 27 әкімшілік іс қаралды.

Кәмелетке толмаған баласын түнгі уақытта көшеде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

16/06/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен  (кәмелетке толмағандардың  заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы)  Ойылаудандық ІІБ-нен түскен азаматша Б.-ға  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Медиативтік келісім бекітілді

16/06/2017

Алға аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер С.-тен қарыз ақша өңдіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А. жауапкер С.-тен 17 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны, 1 700 теңге айыппұлды және 187 теңге көлемінде мемлекеттік бажды төлеу бойынша жұмсалған шығынды өңдіріп беруді сұраған.

Алға аудандық сотының ұйғарымымен талап қоюшы А-ның арызы өңдіріске қабылданып, жауапкерге талап қою арызына пікір қалдыру үшін уақыт берілген.

Пікірлер мен ұсыныстар