Архив событий

09/06/2017

Сот Ақтөбе Заң институты тыңдаушысының құқықтарын қорғады

09/06/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрілігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты» АММ-нің тыңдаушысына тәртіптік жазаны қолдану туралы 13.03.2017 жылғы бұйрықты заңсыз деп тану, арнайы бастапқы оқу курсының тыңдаушылар есебіне қайта қосу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл

09/06/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, ол 2017 жылғы  9 мамыр күні 23 сағат 30 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Әз-Наурыз көшесіндегі «Нектар» өндірістік кооперативі ғимаратының қарсысында, ҚР Жол қозғалысының белгіленген ережесінің 1.5.1 тармағының талаптарын бұзып,  мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған «Ymaha» автокөлігін  басқарған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  590 бабының 1 бөлімінде (мемле

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

09/06/2017

Байғанин аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) Ш.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жауапкер ата-ана құқығынан айырылды

09/06/2017

Мәртөк аудандық сотында  талап қоюшы Мәртөк ауданы бойынша білім бөлімі жауапкер Ж.-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру  туралы азаматық іс қаралды.

Қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

09/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Е» ЖШС-нің  «Н» ЖШС-нен  25 448 627 теңге көлемінде қарыз сомасын және 16 338 018 теңге көлемінде өсім сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды..

Сот отырысында 2015 жылғы 8 мамырдағы №1 шартқа сай талап қоюшы сатып алушы меншігіне тікелей сату жолымен мүлік беретіндігі, ал жауапкер мүлікті (құрылғы) қабылдап және төлейтіндігі анықталды. Құрылғының жалпы құны 39 702 462 теңгені құрайды.

Ата-ана арасында балаға қатысты дау сот медиация тәртібімен реттеліп шешілді

09/06/2017
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Е.-ге кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында тараптар сот медиация тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады. Келісілген шарт бойынша, Е. он жасқа толған баласының пікірін ескеріп, баласы Т.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Б.-мен бірге айқындауға келіседі.

Сотта бітімгершілік келісім бекітілді

09/06/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы М.-ның жауапкер «ASG» ЖШС-дан еңбекақы бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы М. 2013 жылғы маусымнан жауапкер «ASG» ЖШС-да Еңбек шарты бойынша ай сайын 250 000 теңге көлемінде еңбекақысы бекітілген «Бас есепші» лауазымында қызмет атқарды. 30.11.2015 жылдан бастап еңбекақысы төленбеген, 2017 жылғы сәуірде еңбекақы бойынша қарыз ақша 2 250 716,34 теңгені, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін өсімақы 219 834,20 теңгені құрады.

Еңбек ақыны төлемей әкімшілік айыппұлға тартылды

09/06/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  87-бабының 1-бөлімі бойынша (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі) шаруашылық субъектісіне (ЖШС) қатысты әкімшілік іс қаралды.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

09/06/2017

Сот төрағасы А.Балмұханов  Хромтау аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізді. Бұл шарада мұрагерлікті қабылдау және талап арызбен сотқа жүгіну жөнінде 1979 жылы туылған  Г.О.  азаматшасын   сот төрағасы А.Балмұханов қабылдады.

Пәтерге меншік құқығы танылды

09/06/2017

Алға аудандық сотымен талап қоюшы Ш.-ның жауапкерлер «Алға аудандық қаржы бөлімі» ММ-не, «Алға аудандық әкім аппараты» ММ-не мүлікке иелену мерзімімен меншік құқығын тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Азамат И. сотқа берген талап арызында, осы пәтерді 18 жылдан астам уақыт адал, ашық және ұдайы иеленгенін, мүлік салығын, коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп отырғанын айтып талап арызды қанағаттандыруды сұраған.

Соттың  шешімімен азамат Ш.-ның талап арызы толық қанағаттандырылып, пәтерге меншік құқығы танылды.

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

09/06/2017

Мәртөк  аудандық соты азамат С.-ке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. осы жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен тартылған, өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында  жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйде тыныштықты бұзған.  

Сот отырысында азамат С. жұбайына былапыт сөйлегені жөнінде өз кінәсін мойындап, өкінді.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазаланды

09/06/2017

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-бабына, сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.