Архив событий

07/06/2017

Балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен балық аулап әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

07/06/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 -бабының 3-бөлігімен ( әуіесқойлық (спорттық)  балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын,қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу жөніндегі) әкімшілік ісі қаралды.

Тараптар бітімгершілік келісімін жасады

07/06/2017

«Н» ЖШС-і Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «М» ЖШС-нен  2 871 280 (екі миллион сегіз жүз жетпіс бір мың екі жүз сексен) теңге көлемінде берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Мәмілені тіркеу туралы дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

07/06/2017

Ақтөбе облысы Әйтке би аудандық сотымен талап қоюшы К. жауапкер Ж. және үшінші жақ «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-не мәмілені тіркеу туралы азаматтық іс қаралды.

Анықтағаны, талап қоюшы 2010 жылы 12 шілде айында талап қоюшы  К. мен жауапкер Т. «ГАЗ-56Б» маркалы автокөлікті сату, сатып алу шарт жасаған, жауапкер өзінің міндетін орындамай, атына тіркемей, қазіргі күнге 87 434 теңге көлеменде көлік салығы берешек болған.

Жұмыстан босатылған қызметкердің құқықтары сотпен қалпына келтірілді

07/06/2017

С. «К» МКК-на бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, бос жүрген уақытына еңбекақысын, сот шығындарын және моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді сұрап сотқа жүгінді.

Сот отырысында талапкер өкілі талабын толықтай қолдады, жауапкер өкілі талаппен келіспейтінін мәлімдеп, еңбек шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қойды.

Жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

07/06/2017

Қобда аудандық сотының бас маманы Г.Н.Абишева Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының  ғимаратында жеке кәсіпкерлермен  «Жеке кәсіпкерлік субъектілері» атты тақырыбына кездесу өткізді.

Іс шара барысында бас маман Абишева Г.Н. жеке кәсіпкерлік ұғымы және түрлері туралы, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы, жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы, жеке кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершіліктерінің түрлері туралы айтып өтті.

Хромтау аудандық сотымен жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарастыру тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді

07/06/2017

Хромтау аудандық сотының судьясы С.Т.Жумашкина бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарастыру тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді.

Сот судьясы С.Т.Жумашкина өзінің баяндамасында АПК-нің 13 тарауының басқа талаптарын және қарау мерзімдері, жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде істерді қарастырудағы негіздерді белгілеп өтті. Сонымен қатар,  онымен өткен мерзім ішінде сотпен қаралған азаматтық істердің, сотпен шығарылған қысқа шешімдердің саны айтылды.

Есірткі зат

07/06/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Т.-ға қатысты  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  Кодексінің  297-бабының  1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)  қылмыстық іс қаралды.