Архив событий

08/06/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

08/06/2017
Тұрғындардың сот қызметі жөнінде хабардар болуын, сот төрелігін жүзеге асырудың мәселелері бойынша азаматтармен диалогты жөнге келтіру, сот төрелігінің ашықтығын, айшықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Әкетай Мұратғали Абрарұлы  2017 жылдың 9 маусымында сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін интернет-конференция өткізеді.

Атқару өндірісі бойынша «дөңгелек үстел»

08/06/2017

Алға аудандық сотында  «Атқару өндірісінің өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған мәселені талқылауда сот төрағасы, судьялар, аудандық мемлекеттік мекемелер өкілдері және Алға аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы К.Б.Казтурганова, жеке сот орындаушы Т.Есенжаров қатысты.

«Дөңгелек үстелге»  қатысушылар атқару өндірісі туралы заңның құқықтық қолданыстағы тәжірибесін, әкімшілік жазаға тарту туралы қаулылар мен басқа да қарызды өндіру туралы сот актілерінің орындалуын талқылады.

Өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік.

08/06/2017

Қобда аудандық сотымен   Қазақстан Республикасының Әкімшіліік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабының 1-бөлігінде (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегiмiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған бизнес орталығының иесі жеке кәсіпкер Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды,  2017 жылдың 05 сәуірінде  бизнес орталығын терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету сұрағы бойынша тексеру барысында, террористiк тұрғыдан осал объек

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алынды

08/06/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) құқық бұзушы ретінде сотқа шақыртылған, сот ғимаратында алкогольдік масаң күйде келген  Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 05.05.2017 жылы  сағат 15.15-шамасында азамат Б. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша құқық бұзушы ретінде сотқа шақыртылған кезде, сот ғимаратына алкогольдік масаң күйде келіп, сол арқылы сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарау ерекшеліктері

08/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты судьясы Шарипова Мария Қуанышқызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібі туралы ақпаратпен «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында бөлісті.

Алкогольдік масаң күйде көлік жүргізудің зардабы

08/06/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол-көлік оқиғасын жасаған азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Онда көрсетілгендей 2017 жылғы 22 мамыр күні 22 сағат 40 минут шамасында Ақтөбе қаласы Бейбітшілік даңғылындағы азамат С.

Пікірлер мен ұсыныстар