Архив событий

23/06/2017

Хабарландыру !

23/06/2017

26 маусым 2017 жылы сағат 11-00 Ақтөбе облыстық сотында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізіледі.

Барлық БАҚ өкілдерін шақырамыз.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзған

23/06/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Н.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 282 -бабының 8-бөлігімен (жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінде белгілеген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу) әкімшілік ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды

23/06/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда 2017 жылдың 13 маусымында ол Германия Республикасының азаматтығын алып, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанымен заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы фактіні Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шекаралық мекемелерге хабарламаған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496 бабының 2-бөлімінде (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

23/06/2017

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында судьялар С.Т.Жумашкина, С.Ж.Аликуловтың,  аудандық прокуратураның прокуроры А.К.Махмудовтың, Хромтау аудандық Әділет басқармасының өкілі З.Даутованың,  салық комитетінің өкілі Т.Николаеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. 

Көші-қон саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

23/06/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 2-бөлігімен (ҚР-ның халықтық көші-көн саласындағы заңнамасын бұзуы, яғни шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзуы, көзделген мерзімде ішкі істер органдарынантіркеуден өтпеуі, тіркеу  кезінде көрсетілген  мекенжайда тұрмауы) ҚХР-ның 2 азаматына қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

Ұялы телефон ұрлаған

23/06/2017

Мәртөк аудандық сотында ұялы телефон ұрлау бойынша қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 04 маусымда 1979 жылы туған, сотталушы аз.Ж Мәртөк ауылында,  қасақана, бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау мақсатында, пайдакүнемдік ниетімен, құны 6800 теңге тұратын «Nokia 6303» маркасы ұялы телефон мен құны 200 теңге «Belline»  сим картасын ұрлап кеткен, яғни жәбірленушіге 7 000 теңге материалдық зиян келтірді.

Мәмілені жарамсыз деп тану туралы дөңгелек үстел

23/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті» өкілдері Д.Нұрғалиева, Ө.Көбейсін, «Атамекен» мемлекеттік кәсіпкерлер палатасының өкілі Т.Жұмабаев және сот судьяларының қатысуымен «Мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

23/06/2017

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті, оның басты мақсаты азаматтармен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу болды.

Аталған шараны Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Балмұханов жүргізді.

Төрағаға жеке сұрақ қою мүмкіншілігімен  аталған іс-шараға жалақы бойынша қарызды өндіру сұрағымен келген Д. қолдана алды. Іс-шара шеңберінде оған сотқа шағымдану бойынша заң нормалары түсіндірілді.