Архив событий

29/06/2017

Құқық бұзушылықтар жасау құралдары тәркілене отырып айыппұл салынды

29/06/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабының 1-бөлімімен (тіркеу, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, хабарлама жібермей қызметпен айналысу) жеке кәсіпкер У-ға қатысты іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Жеке кәсіпкер У өзінің кәсіпкерлік қызметін «И» компьютерлік клубында, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 574 бабының 1-бөлімінің 8-тармақшасының талабын бұзып, компьютерлерді мемлекеттік кіріс органдарына тіркетпей жүзеге асырған. 

Қобда аудандық сотында семинар өтті

29/06/2017

Қобда  аудандық сотында соттың төрағасы  А.Т.Анарбаевтің төрағалық етуімен, судья Ш.Е.Есжанованың,  кеңсе меңгерушісі А.К.Маденованың, БАҚ-тың тілшісі А.Егізбай   және сот қызметкерлерінің  қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбы бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Медиация тәртібі қолданылды

29/06/2017

Алға аудандық сотында талап қоюшы Н. жауапкер Б. соттың шешімімен баласы 3 жасқа толғанша өзін асырау үшін өндірген алименттен босату туралы азаматтық   іс қаралды.

Азамат Н. бұрынғы әйелі Б. баласы 3 жасқа толғанша ай сайын өзін асырау үшін өндірген алимент төлеуден босатуды сұраған, себебі  жауапкер қазіргі кезде  жұмысқа орналасқан, олардың  материалдық жағдайлары өзгерген айтып сотқа арызбен жүгінген. 

Балықтарды заңсыз иемденіп алып өтпек болғаны үшін жазаланды

29/06/2017

Ырғыз аудандық сотында Б. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 389-бабы 1-бөлігімен (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды

29/06/2017

Ырғыз аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабы 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

29/06/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.Қ.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабы 4-бөлігі (Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Тараптар сотта татуласты

29/06/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай, П. өзінің үйінде 25.06.2017 жылы сағат шамамен 12:00-де, азаматтық некедегі М.-ға балағат сөз сөйлеп, өзімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсеткен.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

29/06/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Е.И.-ге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Е.И. «Lada 21214» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Құқық бұзушылықты жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

29/06/2017

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы Ә.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 2-бөлігі жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер жасаған үшін әкімшілік іс қаралды.

Балаларға қатысты ата-ана дауы татуласу рәсімімен шешілді

29/06/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Т.-ға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар  сотқа татуласу келісімін тапсырып, онда араларындағы келісілген шарт бойынша, А. кәмелетке толмаған 2013 жылы дүниеге келген Ә.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын анасы Т.-мен бірге айқындауға келіседі.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

29/06/2017

Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  С.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дөңгелек үстел өткізілді

29/06/2017

Қарғалы аудандық  сотында «Тергеу судьяларының өкілеттілігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық сотының тергеу  судьясы А.К.Шарипбаев, Қарғалы аудандық прокуратурасының прокуроры, Қарғалы аудандық ІІБ-нің тергеушілері қатысты.

Тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет

29/06/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен азамат  Қ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру)

«Сот актілерін орындау» атты дөңгелек үстел өткізілді

29/06/2017

Қарғалы аудандық сотында «Сот актілерін орындау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудан прокуратурасының прокуроры, ІІБ-нің қызметкерлері,  жеке және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысушылары сот актілерін орындау туралы сұрақтарды талқылады.

Жұмыс берушіге айыппұл салынды

29/06/2017

Шалқар аудандық сотында лауазымды тұлға, «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы  Е. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 87-бабының 1-бөлігімен (еңбекке ақы төлеу жөніндегі  талаптарды бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Кәмелетке толмағанға темекі және темекі бұйымдарын сату

29/06/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 133- бабының 1-бөлігімен азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сай азаматша С., Ақтөбе қаласында орналасқан  «Д» дүкенінің сатушысы бола тұра, жасы он сегізге толмаған 2006 жылы дүниеге келген  М.-ке бір қорап «Ротманс» темекісін сатқан.

Толық мәлімет бермегені үшін айыппұл салынды

29/06/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, іс материалында көрсетілгендей ол мемлекеттік лауазымды атқарушы тұлғаның жұбайы бола тұра  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 27 бабының талаптарын бұзып,  2016 жылдың декларациясында салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы толық мәлімет бермеген, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 274 бабының 1-бөлімінде (мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының салық салу объект