Архив событий

27/06/2017

Ырғыз аудандық сотымен көшпелі «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобасы» атты тақырыбында семинар өкізілді

27/06/2017

Судья С.Махамбетовтың төрағалық  етуімен семинарда «Ырғыз-Торғай резерваты» ММ-нің қызметкерлері қатысты.

Өз баяндамасында судья С.Махамбетов қолданыстағы бітімгершілік рәсімдердерді дамыту, дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау, атап айтқанда медиацияны қолдану тетіктерін  жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылатындығын түсіндірді. 

Шалқар аудандық соты журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

27/06/2017

Шалқар аудандық сотында «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай  салтанатты шара өткізілді.  Іс-шараға Шалқар  аудандық сотының төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, судья С.О.Дәріқұлова, «Шалқар» аудандық газетінің  редакторы М.Мырзалин, «Шежірелі өлке» аудандық газетінің редакторы С.Смағұлқызы және кеңсе мамандары қатысты.

Қобда аудандық соты журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

27/06/2017

 2017  жылы 26 маусым күні Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев,  «Қобда» газетінің тілшісі Т.Казиевты   кәсіби  мерекесімен құттықтап, өздерінің риясыздық еңбектері үшін сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарын күрделілік  және жауапкершілігі, сот жүйесінде болған реформалар туралы жергілік тұрғындарға  уақытылы хабардар еткендігі үшін өз алғыс білдірді.

Мерекелік шара  өткізу барысында  БАҚ  өкіліне    естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сотпен ар – намыс, қадір –қасиет және іскерлік бедел қорғалды

27/06/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы И.-дың жауапкер М.-нің  пікірлерін шындыққа сәйкес келмейтінін, сот отырысында кешірім сұрату және «Ақтөбе облыстық қаржы басқармасына» хат жолдауды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сатушының құқығы сотта қорғалып, әкімшілік іс қысқарды

27/06/2017

Байғанин аудандық сотында З.А.-ға қатысты жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін өткізу дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, 26.08.1995 ж.т. М.С.-ға 1 шыны «Кристалл» маркалы арақты сатып, жиырма бір жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін өткізген деп Байғанин аудандық ІІБ-нің инспекторы З.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  200-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, іс-құжаттар жинақтап, сотқа жолдаған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

27/06/2017

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінде Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсеннің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу»  тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов, Мәртөк аудандық прокурорының аға көмекшісі С.Тажгулов, шекаралық қызметінің қызметкерлері Е.Нысанов, А.Нурманов,  С.Алпысбаев Б.Калдыбаев, Мәртөк аудандық ІІД көші-қон полиция басқармасының қызметкері Н.Оразбекұлы қатысты.

Заңды білмеу жазадан босатпайды

27/06/2017

Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің  282 - бабының 3 - бөлігінің 4 - тармағымен (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу)   К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Жергілікті басылым «Мәртөк тынысы» газетінің бас редакторын құттықтады

27/06/2017

Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен мен судья Е.А.Нуршарыпов жергілікті басылым «Мәртөк тынысы» газетінің бас редакторы Қаракеев Сәттіғұл Оңғарұлыны   кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Сот төрағасы М.Дүйсен БАҚ қызметкерлердің сот жүйесінің жұмысын және құқықтық насихаттау жұмысына  үлес қосқаны туралы айтқан. Іс-шараның соңында сот төрағасы бас редакторды сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, оған алғыс хат пен естілік сыйлық табыстады.

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

27/06/2017

Мұғалжар аудандық сотында  26.06.2017 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша  қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке аудандық соттың судьясы Ж.М.Сейтжапаров және «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқара  қатысты.