Архив событий

26/06/2017

Дау партисипативтік тәртібімен шешілді

26/06/2017

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Б.-ның жауапкер К.-ға берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қарады.

Талап қоюшы Б. жауапкер К.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген   қол хатқа сай барлығы 21 910 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Шалқар аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

26/06/2017

Шалқар аудандық сотында «Жекелеген санаттар бойынша  дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін  реттеу пилоттық жоба» тақырыбымен  баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жекелеген санаттар бойынша  дауларды  сотқа дейін  реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатымен сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев аудандық «Шалқар» газетінің бас редакторы М.Мырзалиннің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Шалқар аудандық сотында «Құқықтық мәдениет-сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/06/2017

Шалқар аудандық сотында  «Құқықтық мәдениет-сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі»  тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға      Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, сот  мамандары, Шалқар аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі А.Қ.Жұмағұлова, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі А.С.Тулегенова, сонымен қатар Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің кадр маманы А.М.Жанасова, Шалқар аудандық білім бөлімінің өкілі А.Ә.Әскербекова қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

26/06/2017

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында судьялар С.Т.Жумашкина, С.Ж.Аликуловтың,  аудандық прокуратураның прокуроры А.К.Махмудовтың, Хромтау аудандық Әділет басқармасының өкілі З.Даутованың,  салық комитетінің өкілі Т.Николаеваның қатысуымен «Соттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Сот Мемлекеттік еңбек инспекторының құқықтарын қорғады

26/06/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер «Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы»  ММ-нің 2016 жылдың шілдесіндегі «Тәртіптік жаза туралы» бұйрығын заңсыз деп тану және оның күшін жою, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен есепке алынған №1-ДП нысанын алып тастау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен қарыз алу шартынан туындаған берешек сомасы өндірілді

26/06/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер М.-нан қарыз алу шартынан туындаған берешек соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, жауапкер М.-ның тараптармен жасалған және нотариалдық түрде куәландырылған қарыз алу шартындағы талап қоюшының алдында туындаған қарыздық міндеттемелері болған факті анықталған.

Сонымен қатар, талап қоюшының сотқа ұсынған жауапкер М.-ның өз қолымен жазылған қолхатпен дәлелденді.

«Кәмелетке толмағандардың жұмысқа орналасудың құқытарымен мүдделерін қорғау» атты тақырыпқа жұмысқа қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

26/06/2017

Қобда аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Б.Даирова  «Кәмелетке толмағандардың жұмысқа орналасудың құқытарымен мүдделерін қорғау» атты тақырыпқа жұмысқа қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің  қызметкерлерімен  кездесу өткізді.

Кездесу өткізу барысында  бөлім бастығы қазіргі «Жасыл ел» бағдарламасына тоқталып өтті.

«Жасыл ел» бағдарламасы ол жазғы уақытта  жастардың және жастары 16-17 жасөспірімдерді біріктіріп, жұмысқа орналасуға бірігей және актуалдық мүмкіндік береді.

Медиативтік келісім бекітілді

26/06/2017

Мәртөк аудандық сотында қарыз сома өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Талап беруші аз.К жауапкер аз.Д -ға қарыз сома 34 425 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді, яғни жауапкер одан 34 425 теңге  автокөлік қосалқы заттарды сатып алуға қарыз алғанын , бірақ осы күнге дейін қарызды қайтармағанын айтты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/06/2017

Хромтау аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) К. мен О.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады.